Есіл қаласының №3 орта мектебінің
«Жалпы адамзаттық құндылықтар күніне» арналған іс – шараларды өткізу туралы есебі
Жалпыадамзаттық құндылықтарды түсіндіру мақсатында Есіл қаласының №3 орта мектебінде 20 – 23 қараша күндері аралығында «Жалпыадамзаттық құндылықтар күнін» өткізуге арналған іс – шаралар жоспары құрылды. Жоспарға сәйкес 1 – 11 сыныптарда сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Сүйіспеншілік – адамның басты қасиеті, ақиқат оның негізі, дұрыс әрекет оның шынайы өмірі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Бұдан бөлек, «Сүйіспеншілік әрбір жүректе!» тақырыбында ұжымдық шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылды. Оқушылар көркем еңбек сабақтарында сүйіспеншілікті, мейірімділікті білдіретін қолөнер туындыларын жасады.
Мектеп фойесінде 1 – 4 сыныптар арасында «Жүрек қуанышы» атты оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Онда балалардың табиғатқа, жалпыадамзатқа қамқорлығы, жасаған жақсылықтары бейнеленген суреттері, қолөнер туындылары қойылды.