«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ  «Общеобразовательная школа № 3 города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жазғы демалыс 06.07.-10.07.2020

         2020жылдың 6 маусымынан 10 маусымы аралығында мектеп                    

                     қасындағы лагерьдің өткізілуінің есебі

         Аптаның бірінші күні таңғы жаттығу жасаудан басталды .Әрі қарай Астана күніне орай іс шаралар  жалғасын тапты .Балалар Астана күніне арналған тақпақтар айтты :Нағашыбай Меруерт,Молдахмет Ақбота, Бекболат Айя. Еркін Бекали пианинода музыкалық композиция орындады . Сонымен қатар балалар Астана қаласының  әсем жерлерінің суретін салды:Суиндикова Аружан ,Болатқызы Мидина.

      Аптаның екінші күні  таңғы жаттығу жасағаннан кейін пайдалы еңбекпен айналысу тапсырылды.Балалар үйде ,бау бақшадағы еңбектерін фотоларымен бөлісті .Сарсенбай Диляра бау бақшада шие теріп жүргенімен ,Еркін Бекали салат жасап жатқанымен .Сонымен қатар күн тәртібінде   ермексазбен  жұмыс .Балалар ермексазбен жұмыс барысын фотосуретке түсіріп бөлісті.

         Аптаның үшінші күні әдеттегідей таңғы жаттығудан басталды .Балалар короновирусқа байланысты сақтық шаралары туралы видеоларымен бөлісіп үнемі қол жуып ,антисептик қолданып ,масқа тағып жүру керектігі айтылды : Сарсенбай Диляра ,Нәби Мәди, Молдахмет Ақбота ,Нағашыбай Меруерт .

      Бейсенбі күні қолдан үйдегі заттардан ойыншықтар жасау тапсырылды .Балалар  өз қолдарымен жасаған заттарының фотоларымен бөлісті.Әсіресе Еркін Бекалидің жұмыстары таңғалдырды: қолдан робот қол жасапты , ермексаздан жануарлар бейнесін сомдаған және сусын бөтелкелерінің қақпақтарынынан зырылдауық жасапты .

     Аптаның соңғы күні Жолда жүру ережелеріне арналды.Балалар жолда  жүру ережелеріне байланысты тақпақтар айтып ,бейнефильмдер тамашалап  қана қоймай суреттер де салды.       

                Қорытындылай келе аптаны  балалар қызықты,көңілді  өткізді деп айтуға болады.

   

Жаңартылған күні: 13.07.2020 16:45
Құрылған күні: 13.07.2020 16:45

Текст