Жазғы демалыс 20.07.-24.07.2020

Есіл қалалық №3 орта мектебі

Мектеп жаныңдағы «Балдырған» жазғы лагері

         2019-2020 оқу  жылында Мектеп жанындағы  «Балдырған »  жазғы лагері  20-шілде күні   талапқа сай жоспар құрылып ,  өз жұмысын  бастады. Лагерь қашықтықтан жүргізілді.  Түсінік  жұмыстары ұйымдастырылып, арнайы жұмыстар жүргізілді. Мектебімізде оқушылардың  демалысын қызықты өткізу мақсатында әр күн ерекше, қызықты тақырыптарға байланысты іс - шаралар жан-жақты ұйымдастырылды.  .Балалардың жазғы демалысы қызықты да көңілді, сәтті өтуіне арналған  «Дастархан басында өзінді мәдениетті ұстау», «Мен оқығанды ұнатамын», «Балалығым бақытты шағым»,  «Шебер қолдар» , тақырыбында іс-шаралар өткізілді... Сонымен қатар топтың ұранымен, әнімен таныстырылды және қимылды қозғалыс ойындары ұйымдастырылды. Өткізілген іс-шаралар оқушылардың қызығушылығын арттырып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, жасөспірімдерді мейірімділік пен достыққа, татулыққа баулыды.     Қорытынды бойынша демалыс уақыты қызықты, көңілді өткенін айтты.  Лагерь  жұмысы өз  мақсатына жетті деп  ойлаймыз.