«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ  «Общеобразовательная школа № 3 города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп жанындағы жазғы алаң 01.07-05.07

01.07.2019ж.

Танертең балалар келіп бір бірімен танысқаннан  кейін, лагерь ережесімен таныстырылды .Балалар сапқа тұрып таңғы жаттығу  жасады .Әрі қарай  балалар әдеби шығармалар оқып танысты .Оқыған шығармалар ортаға салып , ойларымен бөлісті .Кейіпкерлерге мінездеме берді .Олардың іс әрекеттеріне баға берді .Күніміздің соңында спортзалға барып  «асық ату» ұлттық ойынын ойнадық . Балалар жақсы көңіл күйде үйлеріне тарады.

 02.07.2019ж.

Танертең балаларды қабылдағаннан соң, күнімізді әдеттегідей таңғы жаттығу жасаудан бастадық .Жаттығу жасап бойларын сергітіп алғаннан кейін , балалар интербелсенді тақтадан қазақ ертегілерін тамашалады .Балалар екі топка бөлініп ертегілерді сахналады .Кейіпкерлер кейіпіне еніп ,шамалары келгенше сомдауға тырысты. Күніміздің соңында балалар бір-бірімен қоштасып, жақсы көңіл күйлерімен тарасты.

03.07.2019ж.

Әдеттегідей күнімізді бой жазу жаттығуларын жасаудан бастадық .Достық деген не ? тақырыбында әңгіме жүргізілді .Балалар  «дос» сөзінінің мағынасын ашуға тырысты ,нағыз дос қандай болу керектігін айтты .Кейбір оқушылар өз достарын сипаттады .Әңгімеден кейін балалар өз қолдарымен конверт жасап безендіріп ,достарына хат жазды. Күніміздің соңында балалар бір-бірімен қоштасып, жақсы көңіл күйлерімен тарасты.

 

04.07.2019ж.

Танертең балаларды қабылдағаннан соң, күнімізді әдеттегідей таңғы жаттығу жасаудан бастадық.Бұл күні біз стадионға  бардық.Стадионда жасыл шоп үстине жайғасып,жұмбақтар шештік .Ең тапқыр оқушы анықталды .Күнімізді стадионда қозғалмалы ойындар ойнаумен жалғастырдық. Сапқа тұрып екі топқа болініп топтық ойындар ойнадық .Күніміз табиғат аясында жақсы көңілді өтті .

                                                                         

05.07.2019ж.

Әдеттегідей күнімізді бой жазу жаттығуларынан бастадық .

Балалар «Қош бол лагерь» тақырыбында сурет салды .Сурет салып болған соң табиғатқа шықтық.Табиғат аясында тамақтанып ,қозғалмалы ойындар ойнадық .

Балаларды жақсы көңіл күйде үйлеріне тарады.

       

 

Жаңартылған күні: 05.08.2019 11:51
Құрылған күні: 14.02.2020 11:27

Текст