Қашықтықтағы мектеп жанындағы «Балдырған» жазғы демалыс лагерінің есебі
27.07.2020-30.07.2020
Сынып:4 «ә»
Сынып жетекшісі:Ергалиева А.Г
27.07 күні оқушыларды лагердің аты және ұранымен таныстырып , « Спорт-денсаулық кепілі», «Тазалық -саулық негізі» -атты тапсырмалар берілді.Оқушылар таңғы және спорттық жаттығулар жасап, сонымен қатар тазалық сақтаудың жолдарын айта отырып, көрсетіп өтті.Оқушылар барынша өз белсенділіктерін танытып,жұмыстарын бейнежазба ретінде қжолдады.
28.07 күні қашықтықтан «Әдептілік –тәрбие бастауы» атты тақырыпта өз ойларымен ауызша мәтін және түрлі көрініс ретінде көрсетіп,қызықты сәттерімен бөлісті.Оқушылар берілген тапсырмаларға барынша бейнежазбада шынайы өмірдегідей қызыға ат салысты.
29.07 күні «Менің сүйікті ісім» тақырыбына да оқушылар өздерінің қиялдарының ұшқырлығын көрсетіп,біреулері сүйікті істерін спортты сүю ретінде көрсетсе, енді біреулері жапсыру жұмыстары, шахмат, сурет салу, кітап оқу, ас дайындау, өсімдіктерді баптау, ән айту, құрастыру жұмыстары екенін айтып ,бейнежазбаға түсу арқылы көрсетіп, қызықты сәттерімен қуана бөлісті.
30.07 күні «Жайдары жаз мезгілі» тақырыбында әңгімелеу ,сурет салу , жаз мезгіліндегі қызықты сәттерінің фотоларынан презентация, бейнежазба мен көрсету арқылы ойларымен бөлісті.Және қашықтық болса да , лагердің қызықты өткенін,тапсырмаларды орындау арқылы өздерінің ашылып және басқа балалардың да жұмыстарын қызыға тамашалағанын жеткізді.Оқушылар өте белсенді, бірге, жұмыла қатысу арқылы қашықтық болса да, лагер күндерін қызықты етіп өткізді.