«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ  «Общеобразовательная школа № 3 города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ғылыми жоба «Шолпы – зергерлік өнер» Калина К.К.

                                             Мазмұны:

   1.Кіріспе……………………………………………………………………………......6 – 7 бет

2. Негізгі бөлім:

2.1.Қазақ жері – металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі ................8 – 9 бет

2.2.Қазақтың ұлттық зергерлік өнері……………………………………………….....9 – 11 бет

2.3.Зергерлік бұйымдардың түрлері………………………………………………....11 – 13 бет

2.4.Шолпының түрлері, жасалу жолы…………………………………………….....13 – 15 бет

2.5.Шолпының тәрбиелік мәні……………………………………………………….15 – 17 бет

2.6. Шолпының әдеби шығармаларда кездесуі………………………………….......17 - 18 бет

3. Біздің зерттеу жұмысымыз

3.1. Сұхбат

3.2.Сауалнама нәтижесі........................................................................................................19 бет

4. Қорытынды: ………………………………………………………………………........20 бет

5. Қолданылған әдебиеттер ……………………………………………………………..21 бет

6. Аннотация.........................................................................................................................22 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абстракт

 

Мен бұл жұмысымда қазақ халқының зергерлік өнер туындысы, ұлттық әшекей бұйым - шолпы туралы жаздым. Шолпы ерте заманда қолданысқа түсіп, бүгінгі күні құнын сәл жоғалтып алған бұйым.

Еліміз өркендеп, экономикамыз қарыштап дамыған қазіргі заманда халықтың талғамының өзгеруіне сай кейбір ұлттық құндылықтардың да сұраныстан түсуіне әкеліп соқты. Бұл мәселе қазақы әшекей бұйым шолпыны да айналып өтпеді. Бүгінгі күнде шолпы қазақ қыздарының бұрымының сәні болған қасиетінен айырылып, сұраныстан түсіп отыр. 

Біз өз жұмысымызда шолпының  қыз баланың денсаулығы мен тәрбиесіне тигізер пайдасы орасан зор екенін баяндай отырып, шолпының  Қазақстанның ұлттық бренді болуға лайық нағыз құнды бұйым екенін дәлелдеуге тырыстық.

Зерттеу жұмысын орындау барысында өз пікірімдіді зерттеу материалдарына сүйене отырып дәлелдедім.

Өз зерттеу жұмысымда замандастарымыздың өз ұлтының ұлттық құндылықтарын қадірлей білуін, санадан өшірмей ұмытпауын  және тұрмыста күнделікті пайдалануын көздедім.                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              

 

 

 

Абстракт

 

Эту работу я посвятила национальному эвелирному искусству казахского народа, о значении женского украшения – шолпы. В настоящее время почти забытое шолпы было обязательным атрибутом женского украшения в древние времена.

Благодария развитию нашего независимого государства, развитию экономики, возрождению народных традиции и искуства, народ стал проявлять интерес к забытым древним ценностям.  Это коснулось и девичьего украшения для волос – шолпы. Но, к сожалению, в настоящее время шолпы потеряла своего своеобразия и не пользуется широким применением среди девочек.

 Я  в своей работе хотело рассказать как влияет ношение на волосах шолпы на воспитание и укрепления здоровья, старались доказать, что это основное украшение, которое должно стать брендом Казахстана. При выполнении исследовательской работы своё мнение высказывали, опираясь на различных научных трудах историков – исследователей.

В своей исследовательской работе я призываю своих современников ценить и уважать национальные ценности и применять и показывать их в повседневной жизни.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Abstract

 

        In this work I wrote about the jewelry art of the Kazakh people and the national decorative product. Shooly is a product that has been used in an era and lost its value today.

In the modern era of our economy, where the economy has grown and flourished, it has led to a decline in the demand for some national values, as well as the changing taste of the people. This problem was not even a sculptor of the ornate mosaic. Today, the camel is dropping out of fashion and losing its quality as a Kazakh girl.

Stating that in my work I had a great deal of benefits for the girl's health and upbringing, I tried to prove that it is a valuable asset worthy of being a national brand of Kazakhstan.

In the course of my research, I have proved my opinion based on the study materials.

In my research, my contemporaries wanted to dictate their national values, not forgetting, and daily use in life.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеу тақырыбы

Зерттеу тақырыбы: «Шолпы – зергерлік өнер».

Зерттеу өзектілігі: Ұмыт болған ұлттық зергерлік бұйымдарды қайта жаңғырту, жас ұрпаққа таныстыру. Шолпы – қазақ халқының көнеден келе жатқан зергерлік жәдігер бұйымы. Егер зергерлік бұйым шолпыны кеңінен насихаттап, маңызын аша білсек, ұлттық құндылықтарымыздың жаңғыруына қосқан үлес деп бағалау керек.

Жұмыстың мақсаты: «Ұлы даланың жеті қырының» бірі болып табылатын «Металлургия» айдарын басшылыққа ала отырып, ежелгі ата – бабаларымыздың темірден түйін түйгендер екенін тағы бір дәлелдеу; Қазақ халқының байырғы ұлттық әшекей бұйымы – шолпы туралы ақпарат бере отырып,  түрлерін анықтау арқылы маңызын көрсету, Шолпының зергерлік өнер түрі екенін таныту, қазақ қызының денсаулығы мен тәрбиесіне тигізер үлесін насихаттау, ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығаруға үлес қосу.

Зерттеу пәні: этнография

Гипотеза: қазақ халқының ұлттық әшекей бұйымы шолпының тәрбиелік маңызы туралы көбірек насихаттау арқылы, оның қолданысқа түсуіне жол ашар едік.

Зерттеу үдерістері мен кезеңдері: Мен «Шолпы – зергерлік өнер» тақырыбымен өткен 2018 жылдың қыркүйек – қазан айларынан бастап айналысып келемін.

1-кезең. 2018 жылдың қыркүйек – қазан айларына дейін. Ғылыми жұмыстың тақырыбын таңдау.

2-кезең. 2018 жылдың қазан – қараша айларында ғылыми жұмысқа қажетті материалдар жинақтау, кітапханаға бару.

3-кезең. 2019 жылдың қаңтар – ақпан айларында мұрағатқа барып, мәліметтер жинау.

4-кезең. 2019 жылдың наурыз – сәуір айларында жинақталған мәліметтер бойынша жұмысқа кірісу.

5-кезең. Жазылған материалдарды компьютермен басып шығару. Көрнекі құралдар әзірлеу.

Зерттеу әдістері

- ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;

- бақылау;

-зерттелген нәтижеге талдау жүргізу

- сауалнама нәтижесі

- дерек көздерімен жұмыс

- сұхбат

 

Зерттеу барысында ашылған жаңалықтар: Зерттеу барысында сирек кездесетін зергерлік бұйымдардың халық арасында сақталу құндылығын жоғалтпағанына көзіміз жетті.

Нәтижесі мен қорытындылары: шолпының ұлттық жәдігер бұйым екенін зерттеп ашып көрсету. Оны көрсету, дәлелдеу жұмыстарын өзімнің – ғылыми жұмысымда көрсетемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

            Бұл жобада қазақ халқының ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан, атадан балаға мұра болып жеткен дәстүрлі де қастерлі зергерлік өнері, соның ішінде қолөнер туындыларының бірі Шолпы туралы айтқымыз келді.

            Бүгінгі Рухани даму заманында өшкенімізді жаңғырту, санамызды сілкінту,өткенге мойын бұрып қарау ертеңгі жарқын болашағымыздың баспалдағы болмақ.

            Қандай халықтың қолөнері болса да оның тарихымен, қоғамдық құрылысы, әдет ғұрпы, жөн- жоралғысы, салт — санасымен астасып қатар өркендейді. Қолөнер адам баласының көркемдікке, нәзіктікке , сұлулыққа деген ұмтылысын, сол бағытта табиғатты өзінше таңбалап бедерлеуін, сұлулықты іздеуге деген құштарлығын танытады. Сан қилы кезеңдерден өтсе де, көркемдік бейнелердің өзіндік ерекшеліктерін бұлжытпай сақтай отырып, ұрпақтан ұрпаққа мирас ретінде жалғасын тауып келе жатқан қолөнеріміздің ішіндегі киелі әрі күрделілерінің бірі – зергерлік өнер. Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып келеді. Адам баласы ежелден әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде санаған. Кез келген қыз-келіншектің зергерлік бұйымдары, асыл тастары, оларға бейнеленген ою-өрнектері олардың әсем келбетіне әдемі үн қосып, сымбатын одан әрі ажарландырып, тартымдылығын арттыра түседі.

            Қазақ қыздарының басына үкілі сәукеле киіп, құлағына алтын сырға тағуы, саусағына сақина, білегіне білезік киюі, беліне белдік буынып, шашына шолпы қадауы олардың парасатының биіктігін, эстетикалық талғамының жоғарылығын танытады. Атамыз қазақ қыз баланың сұлу да сымбатты болып өсуіне қатты мән берген. Шолпы тек сәндіктің құралы емес. Шолпы – шашы ұзарған қыздың сымбатына тікелей себепкер бұйым. Демек, бойжеткеннің бойын түзейтін, халқымыздың тарихи құндылығы саналатын шолпының тәрбиелік мәні мен оның түрлерін кеңірек таныстыра кетуді жөн көрдім.           

       Осы мақсатта  «Ұлы даланың жеті қырының» бірі болып табылатын «Металлургия» айдарын басшылыққа ала отырып, ежелгі ата – бабаларымыздың темірден түйін түйгендер екенін тағы бір дәлелдеу;    

            “Шолпы” қазақ халқының көнеден қалған әшекей бұйымы екенін нақтылау;
            Шолпының түрлерін анықтап, оның тарихи құндылығын зерттей отырып, тәрбиелік мәнінің өте жоғары деңгейде екенін көрсету:

            Ұлттық әшекейдің сән үлгісі ғана емес, өзіндік салт-дәстүрі бар екенін дәлелдеу;
Өз мақсатымызға жету үшін алдымызға мынадай міндеттер қойдық.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

Шолпының түрлерін анықтап, жасалу жолына тоқталып, зерттеу жұмыстарын жүргізу;
Шолпының тәрбиелілік мәнін ұғыну;
Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру;
Шолпы туралы жазған ақын - жазушылардың, сазгерлердің шығармаларымен танысу;

            Қоғамның қарыштап дамып, адамдардың талғамының өзгеруіне сай халықтың ұлттық құндылықтарға деген сұранысы да өзгерді. Осының салдарынан кейбір ұлттық дәстүрлеріміз бен мәдениетіміздің жауһар көзі болып табылатын озық үлгілері бұл күндері ұмыт бола бастағандай. Сондай ұмыт бола бастаған жауһарларымыздың бірі  - шолпы.   Шолпы дегенді қазір біз тек мұражайдан көретін болдық. Жобаның негізгі мақсаты осы ұлттық құндықтарымыздың кенеулісі болып табылатын, қыз – келіншектердің көркі болып табылатын «Шолпының» қасиетін өзіне қайтарып беру. Халықтың санасын өткенге қайта оралту. Сол себепті біз Шолпы туралы деректер жинауға кірістік. Зерттеу жұмысы барысында шолпының біз білмейтін бірнеше түрлерінің бар екенін және оның жасалуы мен қолданылуы да әрқалай екеніне куә болдық. Сондай ақ, шолпының қасиетіне және оның адам денсаулығына  тигізер пайдасы туралы да іздестіре бастадым. Зерттеу жүргізу барысының нәтижесінде  шолпының адам денсаулығынан өзге қыз бала тәрбиесіне тигізер маңызының  да зор екенін байқадым.

Нәтижесі мен қорытындысы:

Шолпыны тек қана қыз балалар мен бойжеткендер тағады;

Қазақтың әшекей бұйымы шолпының сыңғыры қара ниетті күштерден сақтайды;

Шолпы арқылы қыздың жасын, әлеуметтік тобын, қай жақтан екендігін аңғаруға болады;

Қазіргі уақытта шолпы өз деңгейіндегі қолданыста емес. Тіпті заты түгілі аты да ұмыт бола бастаған.  Зерттеу жүргізу барысында үлкен кісілерден сұрастыра келе шолпының кейбір үлкен кісілердің ғана сандығында тығулы жатқанын  байқадым.  Ол кісілердің өзі әжемізден, анамыздан қалған көз дейді. Ал кейінгі буын өкілдері тіпті шолпының қандай екенін, кімдердің тағатынынан да бейхабар болып шықты.  Сондай ақ,  жұмысымды жүйелі жүргізу мақсатында 7 - 9 сыныптарда оқитын қыз балалардан  сауалнама алдым. Сауалнама нәтижесінде 13-16 жас аралығындағы бойжеткен қыздардың кейбіреуі шолпы туралы таныс болса, енді кейбірінің мүлде ешқандай хабары жоқ болып шықты. Міне осындай қорытындылардан кейін мынадай ой түйдім. Алдағы уақытта зергерлеріміз шолпының бірнеше үлгілерін жасаса, яғни қазіргі заман талабына сай, заманауй стилде мектеп оқушыларына арналған және бойжеткен қыздарға, келіншектерге арнап шолпының бірнеше үлгілерін жасап, нарыққа шығарса бұл ұлттық әшекей бұйымның қазақ қыздары арасында кеңінен қолданысқа енуіне жол ашар едік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1. Қазақ жері – металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі.

Металл өндірудің амал – тәсілдерін табу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адамзат дамуының барысын түбегейлі өзгертті. Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері – металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі. Ежелгі заманда – ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау – кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш,темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады. [1,4-бет]

Тарихқа еуроцентристік көзқараспен қарайтын базбіреулер «көшпелілер көшіп – қонып жүрген, оларда іргелі қалалар мен ірі өндіріс орындары болмаған» деген жаңсақ ұғым қалыптастырады. Шынтуайтында, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында айтылғандай, «біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны» екені белгілі. 

Түркілер арасында қара темірді қамырша илеп, болат балқытқан ұстаны киелі санау культі байырғы заманнан қалыптасқан. Әйгілі Рашид ад – диннен жеткен деректерде байырғы бабаларымыз Ергенеқоннан шыға алмай тұйыққа тірелгенде Темірші ұстаның жетпіс өгіз терісінен үлкен көрік жасап, сол арқылы темір тау бөктеріне көмір жағып, тауды ерітіп, содан атақоныстарына жеткені белгілі. Ғұндар дәуіріндегі сол алғашқы пассионарлық бастаудан кейін Ұлы даланы дүр сілкіндірген құдіретті әміршінің де Темірші аталуы тегін емес. Сол сияқты тұтас Түркістанда ренесанс дәуірін бастаған Әмір Темірдің атын да осы құтты киенің сарқыты деуге болады. Сондықтан жаңа ғасырда домна пеште болат балқытып, құрыштай шыңдалған темірші еліміздің тұңғыш президентінің түркілердің ата кәсібі ретінде қарауы – дәстүр сабақтастығының жаңғыруы.

Әйгілі академиктер Қ. Сәтбаев пен Ә. Марғұлан өз зерттеулерінде Орталық, Солтүстік және Шығыс қазақстан аймақтары ежелгі дәуірлерде металлургия өндірудің ірі орталықтары болғандығын айтады. Әсіресе, Орталық Қазақстандағы «Қырық шұрық», «Қалайы қазған», «Мың шұңқыр», «Бес шұрық», «Кенқазған», «Қара темір», «Ұста», «Жезқазған» және «Теміртау» секілді кен орындары алғаш қола дәуірінде пайда болып, кейбір кеніштерді игеру орта ғасырлар мен кейінгі кезеңдерге дейін жалғасқандығы жөнінде деректер кездеседі. Қола дәуірінің тұрғындары осы өңірдегі кен орындарынан металдың қола, қалайы секілді түрлерін өңдеп, өздерінің кәделеріне жаратып отырған.

Ұлы далада металды игеріп, оны тұрмыста пайдалану үрдісі сақ дәуірінде қарқынды дамыды. Мәселен, «Азиялық скифтерде алтынның молдығы сонша, олар басынан аяғына дейін алтын әшекейлермен апталған бай киімдер киеді және астындағы аттарының да ер – тұрмандары алтындалған», деген жолдар Геродот пен Страбонның жазбаларында кездеседі. [2,65-бет]

Бұл тарихи жазбаларды айғақтайтын Қазақстан жерінен бір емес, бірнеше алтын адам қазіргі күні табылып, түрк өркениетінің салтанатын әлемге паш етті. Ә. Марғұлан Геродот айтқан мыс пен алтынға бай азиялық скифтердің елі «бүгінгі Қазақстанның Орталық және Солтүстік – Шығыс аймақтары мен Алтай, Тарбағатай өңірлерімен сәйкес келеді» дейді.

Металдың сан алуан түрі Алтай өлкесінде сонау қола, сақ заманынан бері өндіріле бастаған. Әйгілі археолог С.И. Руденко Алтай өңіріне зерттеу жұмыстарын жүргізіп, аталмыш аймақ ежелден металлургияның ірі орталықтары екендігін, әрі алтын қорының мол болғандығын айтады. Тұңғыш елбасы өзінің мақаласында да Алтайға баса назар аударуының себебі, Алтай – сақ дәуірінен бері түгел түркке алтын бесік болуымен қатар, ірі металлургия орталығы екендігімен байланысты болса керек.

Иса ақын бабалар рухының лебімен кенді Алтайдың қазыналы қойнауын «Көргенде көз, көңілдің Алтай емі, Алтайдың гүл аңқиды алған демі, жерінен алтын күміс жентектелген» деп жырлауы тегін емес.

Дәстүрлі металл өндіру ісі кейіннен ғұн, үйсін және қаңлы мемлекеттері тұсында да маңызға ие болып. Қола мен темірден қару – жарақ пен түрлі бұйымдар жасалып отырған. Металл өңдеу түрк қағандығы дәуірінде де қарқынды дамыды.

Л.Н.Гумилевтің «темір көшпелілерге бұрыннан белгілі болған, бірақ оны халықтың жаппай қолдануына қол жеткізген түрктер ғана болды» деген пікірі темір өндіру ісі байырғы бабаларымызда жалпы халықтық кәсіпке айналғандығын байқатады. [3,12-бет]

Түрктер темірді тиімді игере отырып, қару – жарақ пен сауыт – сайманның ең үздік үлгілеріне қол жеткізді. Бұл үрдіс Ұлы далада түрктердің әскери қуатының жедел артып, Орхон жырларында жырланғандай дүниенің төрт бұрышын жаулап алуына зор ықпал етті. Түрк қағандығының территориясы кеңейіп, қуатты мемлекетке айналған тұста Ұлы жібек жолы түрктердің билігіне өткені белгілі. Ұлы жібек жолы бойында түрлі металдан жасалған бұйымдар мен түрлі металл түрлері де тасымалданып, тауар ретінде бағаланған.

Қазақ даласында ұзақ жылдар бойы пайдаланылған қола, темір дәуірінен қалған кен орындарын игеру ісі кейіннен Қазақ хандығы тұсында да жалғасқаны және хан – сұлтандардың жеке кеніштерінің болғандығы туралы да деректер бар. Мысалы, Көкшетау маңында әйгілі Шоқанның атасы Уәлихан ханның мыс, қорғасын өндіретін меншікті кен орындары болғандығы туралы қазақ жеріне құпия тапсырмамен келген Сібір бөлімшесінің тыңшысы Ф.Назаровтың жазбасында баяндалады.

Әлкей Марғұланның зерттеулерінде меншікті кен орындары Тәуке хан мен Абылайдың заманында да болғандығын айтады. Алтын немесе басқа да бағалы кен орындары тек хан әулеттеріне ғана тиесілі болып, бұл дәстүр қазақ қоғамында ұзақ уақытқа дейін жалғасқан. Бертін келе Темірші тауы орналасқан Орталық Қазақстан аймағы металл өндірудің ірі орталығына айналып, әйгілі Теміртау металлургия комбинаты салынғаны белгілі. Бұл Теміртау – қазақ металлургтерінің қазынамызды байытқан құрыш буынын әзірлеген қастерлі қала. [4,6-бет]

Қазақ этнографиясының тарихында қара темірді қамырша илеп қару – жарақ, ер – тұрман жасаған, алтын – күмістен әшекей бұйымдар зерлеген небір хас шеберлер болғаны белгілі. Сөздік қорымыздағы «темір», «ұста», «темірші», «дарқан», «көрік», «дүкен», «зергер», «төс» және осы тақырыпқа қатысты тағы да басқа мыңдаған атаулардың ежелгі дәуірлерде қалыптасып, қазақтың төл сөзіне айналғаны анық. Қазіргі уақытта да ұсталық кәсібі ұлттың жадында сақталып, дәстүрлі түрде сабақтасып келеді. Ұстаның дүкеніне, көрігіне, балға – төсіне сыйыну – осы кәсіп иелеріне деген халық көзқарасын танытады. Мәселен, ел ұсташылық кәсіптің пірі Дәуітті былай деп жырға қосқан:

Әуеден көмір түсірген,

От жақпай, темір пісірген!

Қау көрігі бақылдап,

Балға төсі шақылдап,

Ер Дәуіт, пірім, сен қолда!

Бабасы темірден түйін түйген қалың қазақ теміршілікті, кен қазуды және ұсталықты қазір ата кәсіп көре ме? Металлургияның қазіргі уақытта ата кәсіп ретінде қабылдануы асыл мұрамызға деген ???

2.2. Қазақтың ұлттық зергерлік өнері.

Қазақтың халықтық зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады. Зергерлік – өте ерте заманнан келе жатқан өнер.

Зер сөзінің этимологиясына назар аударатын болсақ зер сөзі:

1. Әшекей, сән бұйымдарын жасауға пайдаланатын әдемі, сары түстес қымбат металл.

2. Алтын, күміс, мыс талшықтарынан тоқылған қымбат мата, кесте, оқа.

3. Зер талшықтарынан алынған жылтыр жіп.

4. Зермен безендірілген ою, өрнек, әшекей. Зер белбеу, зер шашақ, зер жіп сияқты.

Зергер – сәндік бұйымдарды зерлеп, айшықтап жасаушы шебер, ұста. Зергерлік – әшекейлі бұйым жасау өнері. Зәр сөзі парсы тілінде алтын деген мағынаны береді. Зәргәр, зәркеш жіңішке алтын жіп жасайтын зергер. Зәргун – алтын, алтынданған, алтын сияқты; зәрнешан – алтынмен әшекейленген деген мағынаны береді. [5,231-бет]. С. Қасиманов «зергер» сөзін «Қазақ халқының қолөнері» кітабында қош етер, қош етуші (жұрттың бәрін қуантатын шебер) деп де атап өткен. [6,181- бет]

Бірақ, алтын, күміс әшекейлі бұйымдарды жасаумен әуестенушілер өздерін темір ұстасынан бөлек санаған. Осыған қарай алтын - күміс әшекейлі бұйымдарды жасаумен әуестенушілерді зергер деп атау бүкіл Орта Азия халықтарында ерте кезден - ақ қалыптасқан.   Халық арасында зергерлер өте жоғары құрметке ие болып, елдің сүйікті адамына айналған. Көптеген археологиялық қазбалар мен этнографиялық зерттеулер Қазақстан жерінде ерекше шеберлікпен жасалған бұйымдарды бізге жеткізді. Қарғалы қазынасынан табылған әйелдің бас киімі, түйенің мүсіні салынған алтын жүзік, алтын сырға, Ақтас – 1 қорымынан б. з. 2 - 5 ғ. Жарқырауық тас орнатылған сырғалар табылған.

Бұл бұйымдарды әшекейлеуде де қазіргі заманда қолданылып жүрген барлық техникалық тәсілдер қолданылған. Ежелгі сақ, ғұн, үйсін зергерлерінің қолымен жасалынған жүзіктерде, білезіктерде, алқаларда шолпыларда мүйіз оюының түрлері, арқардың басы кездескен. Алатаудағы Есіктен, Алтайдағы Берелден, Тарбағатайдағы Елеке сазынан Алтын адамдардың табылуы бағзы заманнан бері зергерлік өнерінің озық дәстүрі байтақ далада кең таралғанын көрсетеді. Алғаш ұлы далада құрықталып, қолға үйретілген жылқының әшекейлі ер – тұрман мен темір үзеңгі, арғымақтың ауыздығы, салт атты сайыпқыран жауынгердің сауыт – сайманы – ұсталық кәсіптің асыл өнімдері. Тау – тасымыздың қойнауында бабалардан қалған жартас суреттерінде ұзын болат найзаны ұмсына ұстап, қолындағы шашақты байрақты жоғары көтерген, астындағы атына да мұздай темір кежім кидірген, ауыр қаруланған түркі жауынгерінің бейнесі жиі кездеседі.

Бұл – сонау ғасырлардан жеткен түркі баһадүрінің қаһармандық тарихының рәмізі, біздің эпостарда сөзбен суреттелген бәрімізге таныс бейненің тастағы сұлбасы.  Жырда «үзеңгісі үзбе алтын, құйысқаны құйма алтын, тебінгісі терме алтын» деп бейнеленетін кейіпкерлер осылар. Сондықтан болса керек, ұстаны, теміршіні, шеберді түрік билеушілері айрықша қадірлеген, оларға ерекше әлеуметтік мәртебе берген, құрметтеген. Қоғамда шеберлер тек тіпті ата кәсібімен ғана шұғылданатындықтан, олардың белгілі бір топтары пайда болған. Кейіннен руларға да айналып отырған. Мысалы, көң игерушілерді көңші, қаңқа арба жасаушыларды қаңлылар, темір балқытушыларды болатшы деп атаған.

Қазақ зергерлері  көбінесе жеке-дара  жұмыс істеп, өз өнерінің қыр-сырын  ұрпақтан-ұрпаққа үйретіп отырған. Олар алдын ала  арнайы  дайындықтан  өтетін, белгілі  бір құрал-саймандарды ғана қолданатын. Зергерлердің соғатын заттарының  түрлері өте көп болған. Оған  әйелдердің әшекейлері, киім-кешекке  тағатын түрлі  сәндік бұйымдары, ас-су жабдықтары, киіз үйдің ағаш сүйегіндегі ою-өрнек, жиһаздық заттар, ағаш ыдыс-аяқтар, тері торсық, музыкалық аспаптар, қару-жарақтар, ат-тұрман әбзелдері және тағы басқалары  жатады. Бұларды әсемдеу үшін көбіне алтынды, әсіресе, күмісті  молырақ қолданған. Зергерлер металдың өңін ашу шеберлігін жете  білген. Соғу  арқылы белгілі  бір қалыпта түсірілген  күмістің  өңі күңгірттеніп кететіндіктен, оның  үстіңгі бетін қайтадан бипазбен  типылдау  арқылы  жылтыратып, майда нақыштармен шекімелеу  тәсілімен  өрнектеп барып тартымды құлпырмалы  түске келтіретін  болған. Зергерлер күміс бұйымдарды асыл тастарда және агат, хризопраз, інжу, маржан, жақұттан көз қондыру арқылы да  әсемдей түскен. Түрлі түсті шыныларды және тағы басқа әсем рең беретін заттарды да кәдеге асырған. Зергерлердің басты жұмысы – қоғамның барлық әлеуметтік топтарының сұранысына ие болған – әйелдердің әшекей бұйымдарын жасау. Ол тек эстетикалық сұраныстан ғана емес, сондай- ақ діни-идеологиялық, әдет — ғұрыптық,  салт — дәстүрлік қажеттіліктен де туындап жатты.
Негізгі материал ретінде тіл- көзден, пәле -жаладан сақтайтын тылсым күші, қасиеті бар деп танылған алтын, көбінесе күміс пайдаланылды. [7,247- бет]

Зергерлік бұйым түрлері де бірнеше түрлерге бөлінген. Соған тоқтала кеткенді жөн көрдім:
1. Шашқа тағылатын әшекей бұйымдар.
2. Қолға тағатын әшекей бұйымдар.
3. Мойынға және кеудеге тағатын әшекейлер.
4. Иыққа тағатын әшекей бұйымдар.
5. Белге тағатын әшекей бұйымдар.
6. Аяққа тағатын әшекей бұйымдар.
7. Мойынға және кеудеге Белге тағатын.

Ел арасындағы халық шеберлері түрлі көркем, нәзік істерді қарапайым әдіспен орындайды. Көбінесе білезік, өңір жиек, сақина, сырға, тіс шұқығыш (бұрын алтын, күміспен орнектеп жасап, қалтаға салып жүретін), қиықша, қоза, шолпы, алқа, қапсырма, сәукеле түйреуіш, мық, ілгек, сағат бау, үзбе, түйме, түйменің сабағы, бұрама, деңбет (дөңбет), кемер белдік, кісе сияқты адамның өз бойын әсемдейтін заттарды жасады. Ыдыс - аяқ, ағаш төсек, ер - тұрман, қару - жарақ, жазу жабдықтары, темекі салғыш, насыбай шақша, опа сауыт, домбыра, қобыз, сырнай және т. б. алуан түрлі жиһаздарды да әшекейледі. [8, 132-бет]

Әйел әшекейлерін жасағанында қазақ шеберлерінің пайдаланылған негізгі түсті металдары: күміс, алтын, қола, жез. Негізгі материал ретінде тіл - көзден, пәле - жаладан сақтайтын тылсым күші, қасиеті бар деп танылған алтын, көбінесе күмісті пайдаланған. Бірақ алтынның қасиеті басқа металдарға қарағанда ерекше деп есептелген. Сәндік бұйымдардың көбіне металдан жасалуы да осыған байланысты болған.
Анасын, әйелін, қызын ардақтаған қазақ халқы олардың ішкі жан дүниесінің мөлдірлігімен қатар сыртқы келбеті мен тұлғасының да сұлу болғанын қалаған.

Қорыта айтқанда, барлығы да зергерлік бұйымдардың халық шеберлері – зергерлердің эстетикалық және шеберлік дағдыларын танытады. Әшекейіне қарай әйелдің жасын, әлеуметтік тобын, қай аймақтан екендігін ажыратуға болады. Мысалы, ауқатты отбасынан шыққан әйелдің әшекейлерінде бағалы тастардан көз салынған алтын әшекейлер көп кездеседі. Олар күрделі көркемдік шешімдерімен, техникалық жағынан мінсіз орындалуымен ерекшеленеді. Бай, ауқатты жерден шыққан әйелдер зергерге бірыңғай нақышта жасалған әшекей бұйымдарының толық жинағына тапсырыс бере алады. Бардам жердің қыздары салмағы үш келі шамасы күміс әшекейлер тағынған. [9,181-бет]
 

2.3. ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

            Сақина – жүзіктер. Сақина, жүзіктерді сиқырлы күші бар заттар деп қарастыру Шығыста кеңінен таралған түсінік. Кез келген әйел ас тазалығы үшін күміс сақина не жүзік салып жүруге тиіс болды. Бұл ретте қазақтың: «Тамақ адал болуы үшін қолда жүзік болуы керек» — деген қағидасы бар.
Сақина — жүзіктердің үш — төртеуі әдетте сәндік үшін киілген. Ал үлкен айтулы жүзіктерді мереке — тойларда егде әйелдер тағып шыққан. Негізі сақинаның да жас ерекшеліктеріне қарай жас қыздарға, келіншектерге, егде жастағы әйелдерге арналған түрлері болатынын біліп, соған сай қолданған жөн. Алдымен, сақина мен жүзіктің айырмасын айтсақ, асыл тастардан көз қондырылғанын жүзік деп, тасы жоқ тек алтын, күмістің өзінен ғана көз шығарғанын сақина, көзі жоқ шығыр түріндегісін балдақ деп атайды.Сақина мен жүзіктердің киелілігі мен қасиетін бағалауға қатысты қазақтар арасында кең тараған түсініктер жиі кездеседі. Ертеде қазақтар әйелдің қолында не жүзігі, не сақинасы болуы керек деп санаған, ол болмаған жағдайда дайындаған тағамын арам деп білген. Күмістен сақина, жүзік салған әйел қолынан ішкен сусынды қонақ адал деп, сүйсініп ішкен.

            Құстұмсық жүзікті Қазақтың ұғымында күміс тазалықтың, адалдықтың белгісі. Тек әшекей бұйымдар ғана емес, тұрмыс заттары, жиһаз, ер-тұрмандар да күміспен күптелген. Күмістен жасалған бұйымдардың тәрбиелік мәніне тоқталсақ, алдымен құстұмсық жүзік пен құдағи жүзік туралы сөз қозғағанымыз дұрыс. Құстұмсық жүзікті бойжеткен қыздар таққан, бұл жүзік – бақыттың, тәуелсіздіктің, құс тәрізді еркіндіктің белгісі. Дәстүр бойынша ұзатылып бара жатқан қызының қолындағы құстұмсық жүзікті анасы шешіп алып, қыз жасауымен бірге орамалға түйіп, сандығына салып жіберетін болған. Бұл жүзік қыз жағдайының хабаршысы ретінде кейін қайтып келуі керек. Сондықтан қыздың төркін жағынан оның қал-жағдайын білуге барған інілері осы құстұмсық жүзікті қайтып әкелсе, қыздың анасы қатты қуанып, құдағайым қызыма өз қызындай қарайды екен деп, ауыл арасына кішігірім той жасаған. Қазақ дәстүрінде келін болып түскен қызға енесі арнайы тіккен отауың биік болсын, деп отаужүзік соқтырған. [10,46- бет] Атынан-ақ білініп тұрғандай, отау жүзік – отауды бейнелейді. Бұл жүзікті қалыңдықтың саусағына күйеуінің ұрпағын жалғастырушы ретінде кигізген. Жүзіктің үсті конус тәрізді болып жасалады. Яғни, біздің түсінігімізде сәндік бұйым болып есептелетін жүзіктердің мағыналы мақсаты болатындығын ата-бабаларымыз ұстанған осы салттан көруге болады.

            Құдағи жүзіктер. Қазақ халқының салтындағы құдағиларға ұсынылатын құдағи жүзік  – зор сый-құрметтің белгісі. Ол басқа жүзіктерге ұқсамайды. Екі саусаққа қатар киілетін, екі шеңберден тұратын жүзік үстіңгі беті біртұтас болып келетін ұлт өнеріндегі бірегей дүние. Ерекшелігі – жас жұбайлардың жұбы жазылмасын, екеуі бірігіп тату отбасы болсын дегенді меңзейді.  Батыс Қазақстандық «құдағи жүзіктер» екі бастаудың, екі шаңырақтың ілік жекжат болуын бейнелейді. Бұл жүзікті келінге деген жылы қабағы, қамқорлығы үшін қыз шешесі құдағиына салады. Құдағи жүзік – адамдар арасындағы сыйластықтың, адамдарға көрсетілген ілтипаттың, құрметтің белгісі.

            Сырғалар. Әшекейлердің тіл – көзден сақтау қасиеті бар деген түсінік ертеден қалыптасқан. Солардың көнеден келе жатқандарының бірі – сырға. Ол әйел затының бала кезден бастап өмірден өткенше тағып жүретін әшекейі. Сырғалардың көптеген түрлері бар. Ширатпа сырғалар шебер әшекейленгендігімен әрі нәзіктігімен ерекшеленеді. Ол жеңіл келген, қиюы жарасқан ширатпа сырғалар қоңырау қалыпты салпыншақтарымен жақсы үйлеседі. Халықтың көне діни сенімімен астарланып жатқан ай сырғалар бұрын да, бүгін де кеңінен таралған. Пішіміне орай бұл сырғалар космологиялық – ғарыштық нақыштармен әшекейленген. Ұзын шынжырлы ілдіргілерге бекітілген дөңгелек бітімді сырғалар да өте сәнді көрінеді. Салмақты және көлемді бұйымдарды Батыс Қазақстандық шеберлер құйып жасамаған, оларды қапталған күмістен соққан. Оның бетіне қалыпты өрнектер мен бедерлерді зерлеу жеңіл болған. «Құлағыңа алтын сырға» деп ескертіп, «сырға салу» дәстүрін қалыптастырған қазақ халқының ғұрпында, сырғаның алар орны ерекше. Қызын қырқынан шығара салысымен сырғалығын тарының дәнімен уқалап, етін өлтіріп, сырға тағуға дайындаған. Қазақта қыз баланың құлағын көбіне жеті жастан асқанда тескен. Құлағы тесілген қыз, кешегі қуыршақ пен доп қуалап ойнайтын жас бала емес. Сырға салу ертең келін болуға дайындықтың алғашқы қадамы іспеттес. Үлкендер «Сен енді сырғалы қыз болдың» деп ақырындап түсіндіріп, үй тіршілігіне баулыған. Құлаққа сырға таққан уақытта «Құлағың ауырмасын, жаманшылық естіме, бетің ажарлы болсын, ауырған жағдайда, қойдың сыңғырығын жақ» дегендей жақсы сөздермен ырымдап, тіл- көзден сақтар тұмар болсын деп те тағатын болған. Ал сырға салынған қыз өз дәрежесіне сай қызмет жасап, үй тірлігіне машықтана бастаған. Сырғасы анадайдан «менмұндалап» тұрғандықтан оған бөгде жігіттер көз сала алмаған. Қазақ әйелдері сырғаны бала кезінен қартайғанша тағады.  Орыс зерттеушісі И.Г. Андреев былай деп жазады: «Қазақ әйелдері мұрнына кішкентай күміс сырға тағып жүреді, осы арқылы әкесінің ең сүйікті қызы екенін аңғартқан. Саусақтарына жүзікті молынан салады: ал құлақтарына көбіне інжу қадаған ұзынша сырғалар тағады». Осы деректерге қарағанда, қазақ тұрмысында мұрынға сырға тағу дәстүрі болғандығын болжай аламыз. Қалыңдық жасына жеткен қыздардың сырғаларында күннің, жұлдыздың, айдың, ал салпыншақтарында тұқымның, гүл жапырақшаларының, дәндердің болуы өзінен тарайтын ұрпақтың көп болуын меңзейді.

            Білезік. Білезік әдетте бір қолға кейде екі қолға да тағылады. Білезіктер жәй және топсалы болып бөлінеді. Сондай – ақ саусақтарға тағылған жүзіктердің білезікпен қоса жасалуы «бес білезік» деп аталады. Білезіктің ашпалы – жаппалы түрін қақпақ білезік дейді. Иіліп істелетін жұмыр білезіктердің екі қоспасын кигенде жыланның бас пішініне келтіріп, ортаңғы бөлігін жуандау етіп жасайды. Формасы ХХ ғасырда қалыптасқан сағат білезік түр ерекшелігімен қызықтырады. Қыздардың тағуы үшін нәзік те сымбатты өрнектеліп жасалатын жұқа селдір білезіктердің іс –мәнері де арнайы атап өтуге тұрарлық. [11,43- бет]

            Қапсырма. Қапсырма, қаптырма, ілгектер ілмек пен сақина тәріздес дөңгелекшелерден құралған екі бөлшектен тұрады. Зергерлер қапсырмалардың гүл, жапырақ, таңба пішінде түрлерін соққан. Қаптырма камзолдардың түймелігі қызметін атқарады. Қапсырма киімнің екі өңірін біріне – бірін қаусырып тұру үшін белдің тұсына ғана, кейде жалпы сәндік үшін өңірдің ұзына бойына бірнеше жерден де тағыла береді.

            Шекелік. Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде өзіндік пішімін сақтап қалған самайлық әшекейлер – шекелік көп тараған. Бұйымның композициясына назар аударсақ. Оның барлық құрамдас бөліктері – қалыпқа құйылған күн бедерлі белгілері мен қиықша тәріздес пішіндері әсемдік сымдармен жалғанып келіп, шілтерлі қондырғы құрайды да, ұзынша түзу өзекке бекітіледі.

            Тұмарша. Тұмар (бойтұмар)-асыл тастарды тізіп әшекейлеп, алтын, күміс жалатқан қымбат бағалы метал не былғары қорапша  (үш бұрышты, кейде төрт бұрышты) ішіне тіл-көзден, ауру-сырқаудан, пәле-жаладан сақтайтын дұға жазылған тәбәрік: ұлутас, үкі қауырсыны, киелі саналатын т.б. нәрселер салынады.Жастық тұмар, қиық тұмар, лағыл тұмар, тұмарша түрлері бар.Әсемдік бұйымдар ішінде мойынға тағатын әшекейлер де өзінше қызықты. Олар – эстетикалық қызметпен бірге тіл – көзден қорғаушы қызметін қатар атқаратын: тұмарша, бой тұмарлар. Тұмарда тылсым күш, қасиет бар деп саналған. Құран үзінділері, теңіз, өзен бақалшақтары, үкі қауырсыны, қой, түйе жүндері тұмардың ішіне салынатын болған.

            Өңіржиек. Омырау әшекейінің тағы бір түрі — өңіржиек те арнайы назар аударуды қажет етеді. Өңіржиек бала емізетін әйелдің міндетті әшекейі болып саналған себебі, ол әйел омырауын тіл – көзден сақтайды деп есептеген. Батыс Қазақстанның ұзатылатын қыздарына арналған әшекей бұйымдарының жиынтығы өзінің ерекше салтанаттылығы және салиқалылығымен ерекшеленеді. Кеудеге тағатын әшекейлердің басты құрамдас бөлігі — өңіржиек. Өзара бір – біріне шашбау секілді етіп үзбелеп бекітілген әлденеше үлкенді – кішілі өрнекті шытыралармен безендірілетін бұл бұйым кейде сансыз салпыншақтармен күрделене түседі. Күміс шытыралар оюлармен, бүршіктермен зерленіп, асыл тастар қондырылады. Аса көп еңбек пен шеберлікті талап ететін бүршікті зерлеу тәсілі. тәсілдермен жасалады, ал даралық мәнер сирек кездеседі.

[12, 118-бет] 

 2.4.Шолпының түрлері, жасалу жолы.

Қыз - келіншектердің өздері қандай көрікті болса, үстіне киген әсем киімі, тағынған сәнді бұйымдары оларды тіпті құлпыртып жібермейді ме?! Қазақ халқының да зергер, ұсталары ерте заманнан - ақ түсті металдардан сан алуан бағалы бұйымдар жасап, нәзік жандылардың көркіне көрік қосқаны, бізге жақсы мәлім. Этнограф ғалымдардың пайымдауынша, солардың ішінде әйел әшекейлері – қазақ қолөнерінің асыл мұрасы.

 

Шолпы — әйел әшекейлерінің ішінде сәнді әрі күрделілерінің бірі. Қазақ арасында оның түрлері өте коп. Шолпыны сән - әшекей ретінде, сондай - ақ оның салмағының әсерінен шаш ұзын болып оседі деп таққан. Мұны байлықтың, баршылықтың белгісі деп те санаған. Қазақ салтында шолпыны қыздар мен жас келіншектер тағады, ал егде тартқан әйелдерге ерсі болса керек. Қазақ қыздары мен әйелдері бұрынғы кезде шолпы бұрымы тарқатылып кетпеу үшін таққаны белгілі. Халқымызда қалыптасқан сенім бойынша, неше түрлі асыл тастан жасалған сылдырмақ, салпыншақтан тұратын салмағы ауырлау шолпының әсерінен шаш ұзын болып өседі. Сондай-ақ ауыр шолпы таққан адамның басы ауырмайды деп есептелген. Шолпы – сәндік үшін әшекейлі алтын немесе күміс теңге таққан шашбау. Ол шол деген сөзден, яғни етістіктен жасалды деуге де дәйек бар. Шол →Шолу – алыстан байқау, бағдарлау.

Ертеде жігіттер алыстан келе жатқан бойжеткенді шолпысының сылдырынан таныған, яғни сол бір нәзік дыбыстан сыртта жүрген қыздардың жүріс-тұрысын іште отырып байқап, бағдарлап отырған.

Ол шолп деген дыбыстық бейнелеуіш сөзден де шығуы мүмкін. Шолп – бір нәрсенің биіктен не алыстан суға түскендегі дыбысы (Шолп етті). Сөздің соңындағы «ы» дыбысы – шолп деген етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ.

Қыз таққан шолпының сыңғыры, шылдыры, сүйкімді үні суға түскен теңгенің дыбысына ұқсас келетіндіктен, қазақ халқы бойжеткен қыздар тағатын осы бір әшекей атауын шолпы деп атаған. Шолпыны күміс теңгеліктердің бірнешеуін бір-біріне кішкене шығыршықтар арқылы жалғастырып жасайды, ең үстіңгісіне күміс шынжырдан немесе матадан ызылған бау тағады. Бауды, әдетте, бұрыммен қоса өріп қояды.

Картинки по запросу шолпының түрлеріЖас қыздар мынандай шолпы таққан:

 

http://massaget.kz/userdata/users/user_20/1390382086.jpg

 

 

 

 

 

 

 

1.Үзбелі шолпы;                                              2.Қос үзбелі шолпы;

http://bilim-all.kz/uploads/images/2015/12/10/original/b97fc7d45610b48cac4cb528590d9ce7.jpgКартинки по запросу шолпының суреттері

 

 

 

 

 

 

 

3.Маржанды шолпы;                              4.Қоңыраулы немесе сылдырмақ шолпы;

5.Меруертті шолпы;

6.Ақық шолпы;

7.Тізбелі шолпы;

8.Сағат баулы шолпы;

http://bilim-all.kz/uploads/images/2015/12/10/original/4626444e4f75a238fee62b109f15f67b.jpg9.Қозалы шолпы;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шолпының түрлері: 1.Үзбелі шолпы; 2.Қос үзбелі шолпы; 3.Маржанды шолпы; 4.Мер...10.Көзді шолпы;                                                        11.Күміс шолпы.

12.Алтын шолпы;

1. Үзбелі шолпы: күміс, алтын тиындарды көптеп тізіп, үзбелеп жасаған
шолпының бір түрі.

2. Қос үзбелі шолпы: Үзбелі, қос үзбелі шолпылар көбінесе арналып соғылған әшекейлі шаш теңгелерді, ақша теңгелерді біріне бірін үзбелеп жалғастыру арқылы жасалады. Бұлардың алақандары екі бұрымға екі бөлек жасалып, не әр бұрымға екіден төрт бөлек болып жасалады. Теңгелер мен теңгелердің арасындағы үзбелер кейде лента сияқты күміс баулықтарды дәнекерлеп ұстау арқылы, кейде теңгелерді тесіп шығыр еткізу әдісімен тізбеленеді.

3. Маржанды шолпы: мақпал, шұға, барқыт, мауыты тәрізді көк, қызыл, қара түсті әсем маталардан тігеді, бұрымның жуандығына қарай жасайды, кестеленіп әсемделеді, оған маржан, моншақ та тағады, күміс шеттіктермен де әшекейлейді.

4. Меруертті шолпы: көк, жасыл, қызыл, қара түсті мақпалдардан жасалады. Оның өң жаң бетіндегі мақпалдың айнала шеті, екі жақ басы алтын күміспен зерленеді. Мақпалдың ортасына ою - өрнектің ұнасымды түрін пайдаланып, ақ мерует тізеді.

5. Ақықты шолпы: күмісті немесе тиынды қолдан соғып, домалақ немесе сопақша етіп жасап, ортасына ақық орнатқан. Өте бағалы шолпы.

6. Қоңыраулы (сылдырмақты) шолпы: Қоңыраулы шолпы біріне - бірі тізбектелген бірнеше ромбы бейнелес күміс құтышалардан құралады да, олардың ішіне сылдырмақтар салынады. Құтышалардың сырты әр түрлі өрнектермен безендіріліп, бұрыш - бұрышына күлтелі меруерт, моншақ, теңгелерден салпыншақтар үзбелінеді. Қоңыраулы шолпылардың әрбір детальдарын ұстап тұратын алтын, күміс алақандары бар. Құтышалар мен салпыншақтар көптігіне қарай, біріне бірі төгіліп, ажарланумен қатар шылдырлап, сыңғырлап дыбыстар шығарып тұрады.

7. Тізбелі шолпы: әшекейлі шаш теңгелерді, ақша теңгелерді біріне біріне тізбелеп жалғастыру арқылы жасалады.

8. Сағат баулы шолпы: лента немесе тері пұшпағын алып, оны сағат баулы етіп сызып, ұшына темір, я болмаса күміс тағады.

9. Қозалы шолпы: Жас қыздар үшін кішкене күміс тиындарды үзбелеп қозалы шолпы жасайды. Оның сыңғырлаған үні әдемі жарасып тұрады.

10. Көзді шолпы (асыл тас қондырылған): Қақталған күмістен үш бұрышты немесе сопақша пішінді етіп жасалады да, ортасына асыл тас орнатылады. Төменгі үлкен тұмаршасының етегіне шынжырлап немесе үзбелеп соғып, сөлкебай тіркелген бірнеше салпыншақ тағылады.

11. Алтын шолпы: алтыннан соғып, ортасына асыл тас орнатқан өте бағалы шолпы. Дәулетті отбасының қыздары таққан.

12. Күміс шолпы: қолдан күмісті соғып, әшекейлеп ою салып, асыл тастармен безендірген. Дәулетті, орта дәулетті отбасы қыздары таққан.

2.5.Шолпының тәрбиелік мәні.

Қазақ отбасының маңызды қызметтерiнiң бiрi-тәрбие. Ата-ананың мiндетi-жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғүрпын, адамшылық, адамгершiлiк, инабаттылық, сыйлау  қасиетттерiн сiңiру. Әсiресе қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесi ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңiлiн қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсiрген және де оны қатал ұстап, оның тәрбиесiне ерекше көңiл бөлiп қараған.

"Қыз" деген сөздiң өзiн әдемiлiктiң, әдептiлiктiң, инабаттылықтың, сұлулықтың белгiсi деп таныған. Халқымыздың халық ауыз әдебиетiнде көптеген ақындарымыз қызға деген көптеген керемет суреттемелер берген. Мысалы:

«Қыз емес, қыздың аты-қызыл алтын, 
көрiнер туған айдай-жүзі жарқын. 
үлкеннiң алдын кесiп, сөз сөйлемес, 
халқының сақтай бiлгін iзгi салтын».

            Сондай-ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлiлiгiн, сүйкiмдiлiлiгiн, жанының нәзiктiгiн, өнер бiлiмге бейiм тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерiн нақыл сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы: "қыздың жиған жүгiндей", "қыздың тiккен кестесiндей", "қыз елдiң көркi, гүл жердiң көркi", "жақсы қыз-жағадағы құндыз", "ырыс алды-қыз", "қызы бар үйдiң-қызығы бар" .


         Халық арасында бойжеткен қыздың ажарына қарай: әдемi қыз, көрiктi қыз, шырайлы қыз, әсем қыз, сұлу қыз, ажарлы қыз, ару қыз деп бөлген. Олардың сипаттамалары: әдемi қыз- баппен сөйлеп, биязы күлiп, жақсы-жаманның жөнiн бiлiп тұратын қыз; Көрiктi қыз-iстесе үйiрiп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, өзi бiрден көзге түсе қоймайтын қыз; Шырайлы қыз-көз жанары өткiр, бет-әлпетi бал-бұл жанған, тәнi шымыр қыз; Әсем қыз-жүзi жылы, өзi ұяң, тәнi нәзiк қыз; Сұлу қыз-сөзi өткiр, өзi пысық, өрескелдiктi сүймейтiн, болмашыға пiсiп күймейтiн, келбеттi қыз; Ажарлы қыз-дене бiтiсi жинақты-тығыршық, сөзi салмақты, iсi тиянақты қыз; Ару қыз-бет пiшiнi, дене мүсiнi келiскен, сөзi сыпайы, өзi әдептi, сұңғақ бойлы, терең ойлы қыз.


            Қыз бала тәрбиесiнде ананың орны ерекше. Әсiресе қыз баланың көрiктi болып өсуiне анасы ерекше көңiл бөлiп, "аттың көркi-жылқы, қыздың көркi-шәшi" деп, қыздың шашын күтiп өсiрудi өнер санаған. Ол үшiн оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын "қос бұрым" немесе "бестемше" етiп өру бөйжеткен қыздың көркi болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын керемет суреттеген: "шашының ұзындығы iзiн басқан", "шаштарын он күн тарап, бес күн өрген", "қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты", "қаз омырау кеуде, құлап түссе қос бұрым", деп келетін жолдарды кез – келген ақынның өлеңдерінен кездестіруге болады. Және де қызға сырға, бiлезiк, шашбау, шолпы сяқты әшекейлердi тақтырған. Халқымыз қыз баланың көркiне оның ақыл-ойы және мiнез-құлқы сай болуын қалаған. "Қыз қылығымен сүйкiмдi", "қызым үйде, қылығы түзде", "қыз ықылы-шешеден" тағы басқа мәқәл-мәтелдер соған бағышталған. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев:

«Қолаң қара шашың-ай күн қақтаған,

Қос бұрымың жотаңда бұлғақтаған.

Қарғам, сенде жерімнің иісі бар,

Жердің исі жұпардан қымбат маған»

– деген жолдарынан қазақ қыздарының  шашты қос бұрым етіп өретінін де байқауға болады. Бұрымды – біріншіден сұлулық үшін, екіншіден тәрбие құралы ретінде қарастыруға болады. Әрбір қазақ қызының бұрымының ұшына шолпы тағылған.  Шолпы сәндік үшін ғана емес, шашты өсіретін әрі ұзартатын, желді күнде көтеріліп кетпес үшін де тағылады. Иесі қозғалғанда, олар әсем дыбыстар шығарып, кермаралдай керілген кербез қыздың әсем жүрісіне үн қосып, арудың сыны мен сымбатын одан әрі ажарлай түседі. Мұндай сұлуды қазақтар: «Сыңғырлаған күлкісіне сылдырлаған шолпысы үн қосады» деп, ардақтаған. Жас қыздар үшін кішкене күміс қоңыраушаларды үзбелеп те шолпы жасайды. Оның сыңғырлаған үні әдемі жарасып тұрады. Бұл әшекейлердің сыңғыры шашты қорғау үшін қажет болған, себебі қазақтың нанымы бойынша Адам жанының бір ұшығы шаш арасын мекендейді. Қоңыраулар мен сылдырмақтар қозғалып, сыңғырлаған кезде жын-шайтандарды үркітеді деген түсінік болған. Бұрым әшекейлерінің салмағы бойжеткеннің шашын артқа қарай тартып, сымбатты мүсін мен әдемі жүрісті қалыптастырған. Күміс теңгелер қозғалыс кезінде әрбір қыздың жүрісіне сәйкес келетін ерекше әуен шығаратын, көбіне осы сыңғыр бойынша қыздың мінезі мен қылығына баға берілген.
 

Шолпының тәрбиелік мәні орасан зор. Жас қыздарға аналары: «Секеңдеп қатты жүруге болмайды. Шолпыңның сылдырлаған дауысы қатты естілсе, сені әдепсіз қыз екен деп айтады»,- деген сияқты тәлім –тәрбие беріп отырған. 
Сөйтіп ол қыздардың жүрісі мен бойын тік ұстау мәнерін қалыптастырған. Шолпы бой-жеткеннің бойында ойлылық, зерделілік, биязылық тәрізді қасиеттерді қалыптастырады.

Бойжеткен қыз баланың жүрісін, қимылын түзеу үшін қоңыраулы шолпыны бұрымына таққан. Содан қоңыраулы шолпы таққан қыз бала үй арасында жүргенде, жүгіргенде, күлгенде ол сыңғырлап дыбыс беріп, үйдегі үлкендер қалжыңын қойып, әдеп сақтаған, бойжеткен жұрт назарын өзіне аударғанына ұялып, жүгіріп, секіруін тиған. Шолпыны қыздарға мезгілсіз жүрмеуі үшін де
тағып қояды. Өйткені, кешкілік оның сыңғыры қыз баланың әлі далада қыдырып жүргенін жан - жағындағыларға хабарлап тұрады деп санаған. Сол себептен қазақ қыздарының мезгілсіз уақытта далада жүрмеуіне де көп көңіл бөлген. Енді бір жағынан, үйде отырған үлкендер де келе жатқан қызды шолпысының сылдырынан біліп, әңгіменің денін дұрыстап, оғаш әрекеттері мен артық әзілдерін қыз-қырқынға естіртпей, дұрыс үлгі болуға да тырысқан.

Асыл аналарымыз бен әжелеріміз халқымыздың салт – дәстүрлерін мықты ұстана отырып, әрбір отбасындағы қыз баланың тәрбиесіне осылайша өз үлестерін қосып отырған. Қыздарының  әрбір әрекетін бағып отырып сырттағы қызының олпы-солпы жүрісі мен дөрекі әрекетін тежеп, қызын денесін тік ұстап, салмақты, майда жүруге тәрбиелеген.

Ал қазіргі қазақ қоғамындағы қыз бала тәрбиесі қандай? Бұл уақытта да сол салт – сана, ұлттық дәстүрмен өмір сүре ме? Әжелеріміз қыздарының тәрбиесіне көңіл бөлуде ме?                Кейбiр отбасында бұл тәрбие өз мәнiн жоғалтқан. Қәзiргi қыздардың бойынан қазақ ұлтына жат қылықтар көптеп кездеседi. Мысалға айтатын болсақ: темекi тарту, жеңiл жүрiстерi, көпшiлiк ортада өзiн-өзi ұстау, бейбастақ сөздер айтуы, және де олардың ашық киiм киюi. Әсiресе қыз балалардың бойында бұрынғы аналарға тән инабаттылық, ұялшақтық қасиеттер азайып барады. Мiне, осындай жан түршiгерлiк қылықтардың бiздiң қазақтың қыздарының бойынан табылуы өте өкiнiштi-ақ.

Қазiргi кезде осындай кемшiлiктердiң болуына ең адлдымен ата-аналар да кiнәлi. Кейбір ата-ана бала тәрбиесiнде басты рөл атқаратынын ұмытып қалған сияқты. Күнделiктi тiршiлiктiң соңында жүрiп олар бала тәрбиесiне соның iшiнде қыз бала тәрбиесiне жауапкершiлiктi азайтып алған сияқты. Сондай-ақ қыз бала тәрбиесiнiң төмендеуiне қазiргi көгiлдiр экрандағы көрсетiп жатқан шетел филмдерi де әсер етуде. Осы филмдедерге қазақ қыздары елiктеп өздерiн тым еркiн ұстайды, тiптi кейбiр қыздар ата-анасын сыйламай, оларға қарсы келiп жатады. Әрине бұған себеп тек шетел филмдерi ғана емес, қыздардың әдеби кiтаптәрдi көп оқымауы, театр, музей сияқты рухани ордаларға бас сұқпауында.

Қыз баланың жақсы болып өсуiне оның өскен ортасының, бiрге жүрген құрбы-құрдастарының, дос-жорандарының да әсерi күштi. Қазақтың "қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол", "қызға қырық үйден тию" деген нақыл сөздерi сол өмiр тәжiрибесiнен алынған. Сонымен қазiргi заманғы қыздардың бойынан ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көрiктiлiк және де iскерлiк қасиеттерi табылуға тиiс. Халық "өнерсiз қыздан без, өнегесiз ұлдан без" деген. Жүсiп баласағұн "ақылды әйел-iздесең сен, естi болса, төрт құбылаң теңелер", ал ұлы абай атамыз "ары бар, ақылы бар, ұяты бар; Ата-ананың қызынан қапы қалма" деген екен. [13, 114-бет]


            Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершiлiгi мол, иманды, өнегелi, өнерлi етiп тәрбйилеү қәзiргi отбасындағы үлкен мiндет. Сонымен қазақ отбасында тәрбиенiң негiзi- ұлттық сәлт-дәстүрлер. Біз ұлттық құндылықтарымызбен сусындап, ұлттық салт – дәстүрлерімізді ұстана білсек, сондай ақ, ұлттық мәдениетіміздің жауһарлары, әшекей – бұйымдарын қайта қолданысқа енгізсек, тек мерекелік шараларда ғана емес, күнделікті тұрмыста да пайдалана білсек, қазақ қыздарының тәрбиесіне елеулі өзгерістер енетінін сеніммен айта алар едім.  


 

2.6. Шолпының әдеби шығармаларда кездесуі.

Ата – бабамыздан қалған ұлттық жәдігер – шолпы туралы жыр толғамаған ақын кемде кем.  Тіпті тарихи деректер мен ауыз әдебиетінің кейбір үлгілерінде де кездеседі. Осыдан ақ, шолпының маңыздылығы мен құндылығын саралай беріңіз. Халқымыздың тағы бір құнды жауһарларының бірі – ғашықтық жырлары. Қыз бен жігіттің кіршіксіз, қалтқысыз, мөлдір махаббатын белді арқау еткен асыл қазынамызда әділетсіз, қатыгез заманның жауыздығынан азап шеккен, құрбан болған ғашықтардың зар-мұңы мен қайғы-қасіреті және тығырықтан жол таппақ болған арман тілегі жырланған. Сол жырларды оқып отырсаңыз, құлай сүйген ғашығының сипатын қыздың тәтті қылығымен және сұлу бұрымына тағылған шолпысымен қоса суреттейді. Мәселен, Ұлы ақын Абай атамыз:

«Бiлектей арқасында өрген бұрым, 
шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын, 
кәмшәт бөрiк, ақ тамақ, қара қасты, 
сұлу қыздың көрiп пе ең мұндай түрін»,- деп қазақ қызының бұрымына таққан шолпысының сыңғырын да қоса суреттеген.

Сондай – ақ, Мұхтар Әуезовтың “Абай жолы” кітабында “Шолпы әуелі жиі сылдырап, аздан соң баяулай бастап тағы біраздан соң анда-санда бір ғана шылдыр ете түсіп, ұзап барады. Абай өз жүрегінің аттай тулап соққан дүрсілін естіді. Шолпы үнін сол басып барады. Өзгеше ыстық, қымбат шолпы ең соңғы рет бір шылдыр етті де, білінбей кетті. Түн тыныштығын ұрлап кеткендей жұтып кетті”, - деп келетін үзіндіден Абай өз жүрегінің дүрсіліне шолпының сылдырлаған дыбысының да үн қосқанын тамаша сипаттаған. [14, 213-бет]

Мағжан Жұмабаевтың “Шолпы” өлеңінде:

«Сылдыр, сылдыр, сылдыр,

Қанымды қайнатты құрғыр.

Шық-шық жүрекке тиеді,

Күлпара талқан боп сыңғыр!» - деп келетін жолдар да кездеседі.

Қыз Жібек жырында көштің соңынан қуған Төлеген кездескен қыздардың сұлулығын бұрымымен, шолпысымен  байланыстырып отырады. Мысалы:

«Жез құмандай тамағы,

Жүзген қаздай иіліп.

Беліне түскен қос бұрым,

Қынай белі үзіліп»

немесе

«Өзі он бес жасында,

Алтынды шолпы басында.

Танадай көзі жалтылдап,

Ақ маңдайы жарқылдап», – деп жеткізеді. Ақыры Қыз Жібектің күймесіне жетіп, сұлу дидарын көргенде де:

«Жүзінен нұры тамып тұр,

Дүрия жауһар сырғасын,

Көтере алмай құлағы,

Шолпысы  желде шалқып тұр», – деп тамсанады.

Осы тәріздер жырлар мен үзінділерде кездескен шолпы туралы ақпардан шолпының қазақ өміріндегі орасан зор маңызын байқаймыз.
 

 

 

 

 

 

 

 

3.2.Сауалнама нәтижесі

Қазіргі қоғамда шолпының өз дәрежесіндегі қолданысқа түсуі саябырсып отыр.  Тіпті заты түгілі аты да ұмыт бола бастаған. кейбір егде жастағы кісілердің өзі «Шолпы деген не?»  деп сұрасаңыз «Ол не?» деп өзіңе қарсы сұрақ қояды. Бұл әрине, қазақ халқы бұрынғы ескі жәдігер заттарды ұмытып, жаңаға ұмтылуында, заманауи дүниелердің көптеп орын алуына да байланысты. Кейінгі жылтыр, арзан, сапасыз заттардың көптеп қолданысқа түсуі, өзіміздің бұрыннан келе жатқан құнды бұйымдардың ұмыт бола бастауына әкеліп соғып отыр. Зерттеу жүргізу барысында үлкен кісілерден сұрастыра келе шолпының кейбір үлкен кісілердің ғана сандығында тығулы жатқанын  байқадым.  Ол кісілердің өзі әжемізден, анамыздан қалған көз дейді. Ал кейінгі буын өкілдері тіпті шолпының қандай екенін, кімдердің тағатынынан да бейхабар болып шықты.  Сондай ақ,  жұмысымды жүйелі жүргізу мақсатында 7 - 9 сыныптарда оқитын қыз балалардан  сауалнама алдым. Сауалнама нәтижесінде 13-16 жас аралығындағы бойжеткен қыздардың кейбіреуі шолпы туралы таныс болса, енді кейбірінің мүлде ешқандай хабары жоқ болып шықты. Міне осындай қорытындылардан кейін мынадай ой түйдім. Сауалнама бойынша қыз балаларға:

  1. Шолпы дегеніміз не?
  2. Шолпының қандай маңызы бар?
  3. Шолпыны шашыңа тағар ма едің?

деген сұрақтар қойылды. Бірінші сұрақ бойынша: қыз балалардан шолпының бұрымға тағатын әшекей, шашқа тағатын әшекей, шашқа тағатын зат деген сынды жауаптар алынды.  Екінші сұрақ бойынша: шолпыны арнайы мерекелерде тағады, шашты әдемі көрсету үшін, шашты өсіру үшін, қыздардың жүрісі мен бойын тіктейді деген жауаптар алынды. Үшінші сұрақ бойынша: қыз балалардың жартысы  иә тағар едім десе, қалған жартысы жоқ, мүлде тақпаймын деген жауаптар берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Міне осындай қорытындылардан кейін мынадай ой түйдім. Сирек кездесетін зергерлік бұйымдардың халық арасында сақталу құндылығын жоғалтпағанына, қолданысқа енгізер болсақ, көпшіліктің сұранысына ие боларына көзім жетті.

Алдағы уақытта зергерлеріміз шолпының бірнеше үлгілерін жасаса, яғни қазіргі заман талабына сай, заманауи стилде мектеп оқушыларына арналған және бойжеткен қыздарға, келіншектерге арнап шолпының бірнеше үлгілерін жасап, нарыққа шығарса бұл ұлттық әшекей бұйымның қазақ қыздары арасында кеңінен қолданысқа енуіне жол ашар едік.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

Шолпы – қыз бала тәрбиесіне, денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Қазіргі заманда жастардың көбі бұл әшекей бұйымның  денсаулыққа, тәрбиелік құндылықта маңыздылығы туралы біле бермейді. Өз сыныптастарымнан шолпы туралы не білетіндерін сұрастырғанда,  шолпы туралы еш нәрсе  білмейтіндер де бар болып  шықты. Әдебиеттік оқу  сабағында сыныптастарымды жобаммен таныстырдым. Оларға шолпының өте маңызды әшекей бұйым  екенін түсіндіре алдым деп ойлаймын. Өз отбасым да, құрбыларым да осыған көз жеткізді.
              Ендігі арманым алдағы уақытта шолпы туралы әлі де ізденіс жұмысын жүргізетін болсақ Біздің ойымызша, құрт Отанымыздың ұлттық бренді мәртебесіне лайық. Құртымыз әлем нарығына шығып қана, өз еліміздің бойжеткендері мен аналары пайдасын көре алады деп ойлаймын. Себебі, қазір шолпыны тек қазақ халқы біледі, ал егер осы әшекей бұйым ұлттық бренд болса, оны тек шетелдер ғана емес, өз еліміздің барлық тұрғыны жоғары бағалары сөзсіз. Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық әшекей бұйымы – шолпы адам денсаулығы мен тәрбиесіне қажетті бұйым. Біз, Қазақстанның жастары осы құнды бұйымның жойылуына жол бермеуіміз керек. Бүгінде белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева апамыз: «Өмірде қыз болу бар да, Қазақ қызы болу мүлдем бөлек», – деп пікір айтқан. Сол тәрізді, ғасырлар бойы халқымыздың ұлттық дүние танымымен қалыптасқан ырымдар мен тиымдардың астарын, оның ішінде, Жаратушы қылықты қыздарымызға сыйға берген қасиетті шаштың да киесі барын жете түсініп, шолпы сылдыры мен күлкі сыңғыры, бұрымы мен қылығы жарасып, өшкенімізді жандырып, жоғымызды толықтырса деген тілегім бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

1. [1,4-бет] «Егемен қазақстан» газеті 02.01.2019ж Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Өнер, 1987ж.
2. [2,65-бет]  Әуезов М. “Абай жолы” роман – эпопеясы І том Алматы. 1989 ж
3. [3,12-бет] Әлімқұлов Б, Әбдіраманов Е Әдеби этнографиялық таным Алматы Санат 2009ж.

4.[4,6-бет] Қазақ энциклопедиясы             Алматы  2002ж
5. Ғаламтор

6. [5, 231-бет]  Қазақ халқының салт – дәстүрлері                                    Алматы «Рауан» 1994

7.[6, 181-бет] Жұмабаев М. “Сүй, жан сәулем” Алматы “Атамұра” 2002ж.
8.[7, 247-бет]  Қанатбаев Д. Бұрым өлеңі Қазақ әдебиетігазеті 2006жыл 56 бет
9. [8, 132-бет] Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Қазақстан, 1969ж 71 бет

10. [9, 181 -бет] Қазақ Энциклопедиясы    1 – том                                 Алматы   2002 ж

11. [10,46-бет] Қазақ энциклопедиясы  3 – том                                  Алматы    2002 ж

12. [11,43-бет] Дүниетану оқулығы                                               Алматы «Атамұра» 2003 ж

13. [12, 118-бет] Шойбеков Р. Н. Қазақ зергерлік өнерінің сөздігі. Алматы: Ғылым,1991; 54 бет

14. [13,114-бет] Қазақтың мақал – мәтелдері ҚКӘБ. 1951 ж

15. [14, 213-бет]  Марғұлан Ә.Х. «Ежелгі жыр аңыздар»   Алматы, «Жазушы», 1985 ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

 

«Шолпы – зергерлік өнер» атты ғылыми жоба қазақ халқының ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан, атадан балаға мұра болып жеткен дәстүрлі де қастерлі зергерлік өнері, соның ішінде қолөнер туындыларының бірі шолпы туралы. Бұл тақырыпты алудағы мақсатым тұңғыш президентіміздің «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасында атап өтілген мәдени мұрамызды жаңғырту аясында, өшкенімізді жаңғырту, рухымызды сілкінту. Осы мақсатта  «Ұлы даланың жеті қырының» бірі болып табылатын «Металлургия» айдарын басшылыққа ала отырып, ежелгі ата – бабаларымыздың темірден түйін түйгендер екенін тағы бір дәлелдеу.

 Жобамда қазақ жері – металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі екенін ашып көрсеттім. Оған дәлел  ретінде металл өндіру ісі сонау ғұн дәуірінен бастау алып, Тәуке хан мен Абылайдың заманында сондай ақ, Шоқанның атасы Уәлихан ханның мыс, қорғасын өндіретін меншікті кен орындары болғандығын тілге тиек еттім. Зергерлік – өте ерте заманнан келе жатқан өнер екенін айта отырып, зергерлердің халық арасындағы орны, маңыздылығына да тоқталып өттім. Зергерлердің қолынан шыққан түрлі зергерлік бұйым түрлерімен таныстыра отырып, әрқайсысының маңыздылығы мен мағынасын атап көрсеттім. Жобамның негізгі тақырыбы шолпы — әйел әшекейлерінің ішінде сәнді әрі күрделілерінің бірі. Қазақ арасында оның түрлері өте коп. Шолпыны сән - әшекей ретінде, сондай - ақ оның салмағының әсерінен шаш ұзын болып оседі деп таққан. Мұны байлықтың, баршылықтың белгісі деп те санаған. Шолпының бірнеше түрлері бар және олардың мағынасы да әр түрлі болып келеді. Шолпының тәрбиелік мәні орасан зор. Жас қыздарға аналары: «Секеңдеп қатты жүруге болмайды. Шолпыңның сылдырлаған дауысы қатты естілсе, сені әдепсіз қыз екен деп айтады»,- деген сияқты тәлім –тәрбие беріп отырған. Сөйтіп ол қыздардың жүрісі мен бойын тік ұстау мәнерін қалыптастырған. Шолпы бойжеткеннің бойында ойлылық, зерделілік, биязылық тәрізді қасиеттерді қалыптастырады. Сондай ақ, қыз баланың денінің саулығына да шолпының тигізер әсері орасан зор. Таза табиғи күмістен жасалынған шолпылардың салмағы өте ауыр болған. Шаштың ұшына байланып тұратын шолпы қыз баланың бойын тік ұстап, еркін жүруіне септігін тигізген. Міне осындай маңыздылығына қарап ақ, шолпының жай ғана әшкей бұйым емес, тәрбие мен денсаулыққа да тигізер пайдасы бар ұлттық құнды жәдігер деп қарау ләзім. Шолпы туралы жыр толғамаған ақын кемде кем.  Тіпті тарихи деректер мен ауыз әдебиетінің кейбір үлгілерінде де кездеседі. Осыдан ақ, шолпының маңыздылығы мен құндылығын саралай беруге болатындай.

Шолпы – қыз бала тәрбиесіне, денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Қазіргі заманда жастардың көбі бұл әшекей бұйымның  денсаулыққа, тәрбиелік құндылықта маңыздылығы туралы біле бермейді.

Санк-Петербургтегі  Кунсткамерада 300 ге жуық Қазақстандық жәдігерлер бар. Сонда Қазақстанға қайтарылмай отырған экспонаттардың ішінде шолпы да бар. Еліміздің астанасындағы С. Сейфуллин атындағы мұражайда Мариям Жагорқызы таққан шолпы сақтаулы тұр. Оны 1989 жылы Мариям Жагорқызының қызы Муслима мұражайға апарып тапсырған. Мектебіміздегі 7-9 сыныптар арасындағы қыз балалардан сауалнама алу барысында байқағаным бойжеткен қыздардың көбінің шолпыны білетіні. Олар шолпының түрлерін білмесе де оның атын, қандай зат екенін білетін болып шықты. Кейбір қыздар егер болса таққысы келетіндерін де жасырмады. Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық әшекей бұйымы – шолпы қыз баланың денсаулығы мен тәрбиесіне қажетті бұйым. Біз, Қазақстанның жастары осы құнды бұйымның жойылуына жол бермеуіміз керек. Рухани дүниелеріміздің ұмыт болмай, шолпы қыз балалардың күнделікті қолданысына енуіне мән берілсе деген арманым бар.

 

 

 

Есіл қалалық №3 орта  мектебінің

4-сынып оқушысы

Нәби Жансаяның «Шолпы – зергерлік өнер» атты ғылыми жұмысына

                                               

                                                                       Пікір

     Мен өзімнің шәкіртім Нәби Жансаяның  ғылыми жұмысын түгелдей оқып,мазмұнымен таныстым. Ғылыми жұмыстың тақырыбы - «Шолпы – зергерлік өнер» 

            Бұл оқушым осы тақырыпқа қызығушылық танытып, өзін толғандыратын сұрақтарға жауап іздегендігін байқап, оған бағыт - бағдар беріп, зерттеу жұмысымен айналысуды ұсындым. Оқушыммен бірлесе отырып құрған зерттеу жоспарын орындау барысында ата-анасы да баласынана түсіністікпен қарап, мүмкіндік жасады.

            Зерттеу барысында оқушым кітапханаларға барып, ғаламторды қолданып қана қоймай, осы ұлттық әшекей бұйымды үйлеріне сақтап жүрген үлкен әжелермен де кездесіп, сұхбат алып, түрлерімен танысты.

    Менің ойымша, Жансая өзінің зерттеу жұмысының тақырыбын толығымен ашып, алдына қойған мақсаты мен міндетін орындау үшін ізденіс танытып, өз тақырыбына қатысты көптеген ғылыми әдебиеттерді пайдалана отырып, қорытындылар, тәжірибелер жасап дәлелдеген. Негізінен, зерттеу нысаны етіп алған еңбегі бойынша ойын нақты баяндаған.Сондықтан да, жұмысты бағалауға тұрарлық ғылыми еңбек деп есептеймін.

                   

                                                           Жетекшісі:  Бастауыш сынып мұғалімі

                                                           Калина Камшат Куанышбековна

 

 

 

 

 

                                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бастауыш сынып мұғалімі  Калина Камшат Куанышбековна

жетекшілік еткен 4 «ә» сынып оқушысы Нәби Жансаяның

«Шолпы-зергерлік өнер»

тақырыбындағы  ғылыми жоба (зерде) жұмысына пікір

 

 

          Зерттеу жұмысында қазақ халқының ежелден келе жатқан жатқан зергерлік, әшекей бұйымы -шолпы оның  тарихи деректерде кездесуі туралы мәліметтер зерделеніп, зерттелген.

          Қазақ дәстүрінде қыз балалардың жүріс-тұрысы мен шашына көрік беретін, шолпының    барлық түрлеріне тоқтала отырып, ұмыт қалған ұлттық әшекей бұйымды қайта жаңғыруды мақсат етеді.

          Тұңғыш президентіміздің «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасында атап өтілген мәдени мұрамызды жаңғырту мен өскелең ұрпаққа насихаттауды  көздеген аталмыш жоба халқымыздың ел арасында небір шеберлері мен түйін түйген зергерлері жасаған бұйымдардың экологиялық таза, денсаулық үшін пайдасы бар, эстетикалық тұрғыдан жоғары болғандығын дәлелдейтін жоба болып табылады.

          Аталған  жұмыс  оқушылар халық арасында ұмыт бола бастаған әшекей түрлерімен таныстыру, ұлттық мұра ретінде дәріптеу, құндылық ретінде маңызын бағалауға  негізделген.

           «Ұлы даланың жеті қыры»  мақаласында «Ұлы даладағы ежелгі металлургия» атты бөлімде қазақ  даласында ежелден металл қорытылып, үй тұрмысына, шаруашылыққа қажетті барлық заттарды өздері жасағанына тағы бір дәлел ретінде  зерттелген жоба шолпының бүкіл шығу тарихын сөз етеді.

 

Зерттеу жұмысын жазу барысында түрлі ғылыми әдебиеттер мен газет-журналдар дерек көзі ретінде пайдаланып, пайдаланылған әдебиеттер тізімі сілтеме ретінде көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазған: тарих пәні мұғалімі Панияз Айжан

         

 

 

 

 

 

 

 

 

«Есіл қалалық №3 орта мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми жоба тақырыбы:

 

«Шолпы – зергерлік өнер»

 

 

 

 

 

 

 

 

О Р Ы Н Д А Ғ А Н:

 

Нәби Жансая 4-сынып

 

 

 

 

 

Жетекшісі:  Бастауыш сынып мұғалімі

Калина Камшат Куанышбековна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Есіл қаласы 2019 жыл

Жаңартылған күні: 14.06.2019 16:07
Құрылған күні: 14.06.2019 16:12

Текст