«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ  «Общеобразовательная школа № 3 города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп жанындағы жазғы алаң 10.06. – 14.06.

Есіл қалалық № 3 орта мектеп жанындағы жазғы лагерінің

10.06. – 14.06. маусым аралығындағы өткізілген жұмыстар есебі.

Жазғы лагерге келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, мейірімге тәрбиелей отырып, оқушының жазғы уақытын  тиімді өткізу болатын. Осы мақсат  барысында жоспар бойынша төмендегідей жұмыс жасалды. Балалардың уақытын қызықты өткізу, лагерге келу уақытын қадағалап, әр күнді бағдарлама бойынша ұйымдастырылды.

          10.06.2019ж. Алғашқы күн

          Қауіпсіздік ережесімен таныстырылды. Таңғы жаттығу жасалды. Оқушыларды «Балалар шығармашылық үйіне» апардық. Ойындар,  мултьфильм көрді, музыка тыңдап, ән айттық, би биледік. Сонымен қатар сопрт залда спорттық ойындар жарысы өтті. Асханада тамақ ұйымдастырылды.

11.06.2019 ж. Екінші күн.

Балаларды қабылдап, жаттығу жасалды. Таза ауада ойындар ойналды. Сынып ішінде шахмат, тоғызқұмалақ ойынынан жарыс ұйымдастырылды. Жұмбақ шешу, мақал-мәтел жарысы ұйымдастырылды. Караокамен ән айтты. Сурет салудан жарыс. Таза ауада ойындар ойналды. балаларды тарату. «Кім жылдам?» жарыс (логикалық тапсырма). 

 

12.06.2019 ж. Үшінші күн.

Оқушыларды қабылдау. Жаттығулар жасау. Жұмбақ шешу.

«Ән салайық, кәнекей!» танымдық сайыс. «Балалар щығармашылық уйіне » бардық. Спорт жарысы өтті.  Бишілер жарысы өтті.

 

   13.06.2019 ж. Төрттінші күн.

Балалар қабылдау. Таңғы жаттығу.  Стадионға барып бірнеше спорттық ойындар өткізілді. Таза ауада тамақ ұйымдастырылды. Балалар өте қызықты сәттерді өткізді.

   

14.06.2019 ж. Бесінші күн.

Балаларды қабылдау. Таңғы жаттығу. Бөлме ішінде ойындар. «Дос бола білесің бе?» атты әңгіме өткізілді. Лагердің жабылуына орай ән, тақпақ, би, әзілдер айтылып, концерттік бағдарлама болды. Балаларды мадақтаулармен марапатталды. Балалармен қостасып, тарату.

 

Жаңартылған күні: 08.08.2019 10:22
Құрылған күні: 14.02.2020 11:21

Текст