«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ  «Общеобразовательная школа № 3 города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Балдырған"лагері

Мектеп жанындағы "Балдырған"лагері.11маусым . Күнімізді таңғы жаттығудан бастап ,сергіп алдық. "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында аудандық балалар кітапханасына экскурсияға бардық .Бұл жоба мектеп жасындағы балалардың оқуға құмарлығын оятумен қатар ,танымдық- мәдени дамуына жол ашады.Балалар оқу залдарын аралап,оқырман ережелерімен танысты . Кітапханашы балаларды  ақын ,жазушы ,Айбайдың інісі  Шәкәрім Құдайбердіұлының  165 жылдығы арналған көрмемен таныстырып, өміріне шолу жасады .

Жазғы демалыста балалардың  бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында  оқушылармен аудандық өлкетану мұражайына  саяхат жасадық. Балаларға өз туған өлкесінің тарихын білу өте маңызды.Ал біз балалардың өз қаласы туралы танысуын мұражайдан бастадық  Мұражай қызметкерлері мұражайдың  экспозициялық   залымен таныстырып , өлкемізден шыққан атақты жерлестеріміз  туралы мәлімет берді.Балалар көне заттарды көздерімен көріп ,қолдарымен ұстап  ұмытылмас әсер алды. Мұражай құндылыққа толы ұлтымыздың алтын қазынасы.

Жаңартылған күні: 12.07.2023 11:36
Құрылған күні: 12.07.2023 11:36

Текст