«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ  «Общеобразовательная школа № 3 города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп жанындағы жазғы алаң 29.07.-02.08.

29.07.2019. Мектеп жанындағы жазғы лагеріміздің алғашқы күнін балаларды жарқын жүзбен мектеп алаңында  қарсы алудан бастадық. Балалар жиналып, бір – бірімен хал  сұрасты, жүздесті, таныс еместер танысты.  Таза ауаға шығып, таңғы жаттығу жасалды.  Лагердің ережесі мен қауіпсіздік шаралары таныстырылды. Балалар шаттық шеңберіне шығып, алдағы аптада болатын қызықты күндер үшін бір  - біріне  сәттіліктер тілеп, көңілді көңіл күй сыйлады.Сондай ақ, «өнерлі өрге жүзер» сайысына белсенді ат салысып, өз өнерлерін де ортаға сала білді.  Таза ауада ойындар ойналды. Балалар үйлеріне көңілді тарасты.

 

30.07.2019. Балаларды мектеп ауласында қарсы алдық. Таза ауада таңғы жаттығу жасадық. «Әдепті бала – арлы бала» (тақпақ,мақал) атты танымдық сайыс ұйымдастырылды. Балалар бұл сайыста өз өнерлерімен қоса білімдерін де таразыға салды. Сайыс барысында логикалық тапсырмалар шешіліп, қызықты сұрақтарға жауап берілді. «Жазғы табиғат» атты сурет сайысы ұйымдастырылды. Балалар салынған суреттерді өздері бағалап, орынды да өздері берді.

 

31.07.2019. Балалар лагерге көңілді келді. Таңғы жаттығу жасалды «Дені саудың жаны сау» атты спорттық сайыс ұйымдастырылды. Сайыста балалар екі топқа бөліне отырып, жарысты. Сондай ақ, балалар Орталық балалар кітапханасына барып, кітапхана өмірімен танысты. Балаларға арналған түрлі қызықты кітаптармен танысып, түрлі мағлұматтар алып қайтты.

 

 01.08.2019. Таңғы жаттығуымызды таза ауада жасадық. Балаларды екі топқа бөліп, «Жас суретшілер» атты  сурет сайысы ұйымдастырылды.

 

02.08.2019.Балаларды қарсы алып, таңғы жаттығу жасалды. Әр түрлі ойындар ұйымдастырылды. «Көкпар» Өнер, білім сайысы өткізілді. Бұл сайыста да балалардың білімдері тексеріліп, еске сақтау қабілеттерін дамытуға жұмыс жасалды. Қазақша корооке ұйымдастырылды. Балалар шахмат, шашқа ойындарын ойнады. Таза ауаға шығып, ұлттық ойындар ойналды. Балалар шеңберге тұрып бір – біріне жақсы тілектер жолдады. Алда келе жатқан оқу жылына бір – біріне сәттілік тілеп,  тағы да кездесетіндерін айтты.

Сондай ақ, «Мен Есіл қаласын сүйемін» атты тақырыпта асфальтқа сурет салу конкурсы болды. Лагердегі оқушылар өз қалауларымен сүйікті қалаларына арнап түрлі суреттер салды.

  

Жаңартылған күні: 05.08.2019 11:28
Құрылған күні: 14.02.2020 11:33

Текст