«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ  «Общеобразовательная школа № 3 города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп жанындағы жазғы алаң 03.06.2019-07.06.2019

03.06.2019                      Лагердің ашылуы

Балаларды лагерьде өтілетін бағдарламамен таныстыру. Таңғы жаттығу жасалды. Лагерьдегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырдық. Аулада ойындар ойналды. Сағат 11 де  лагерьдің ашылу салтанаты өтті. 11:30 да мектепте ас ішті. 12:30 да әр түрлі ойындар ойнадық.

 

04.06.2019                     Көңілді жаз сурет салу сайысы

1. Таңғы жаттығу жасалды. 2. Кабинет ішінде «Көңілді жаз!» тақырыбында сурет салдық.Әр оқушы өз ойларын салып,сауатты бояды.Күн ашылғаннан кейін мектеп ауласында әр түсті борлармен сурет салдық.  

 

05.06.2019                    

Балаларды қарсы алдық. Таңғы жаттығу жасалды. Балалар шығармашылық үйіне саяхатқа шықтық.Балалар шығармашылық үйі біздерді жақсы дәрежеде қарсы алды.Бірінші би билетіп,балалар флешмоб үйренді.Екінші спорт залында эстафеталық ойындар ойнатылды.Балалар белсенді қатысты.Спорт залынан кейін мультфильм қарауға бардық.Балалар жақсы көңіл күйде музыкалық кабинетте өлең айтып,өз өнерлерін паш етті.

 

06.06.2019

Балаларды қарсы алдық. Таңғы жаттығу жасалды. «Көңілді мәре» Спорттық ойындар жарысы өтті.Балаларға қауіпсіздік ережелері таныстырылды.Барлық балалар белсенді қатысты.  

07.06.2019

          Балаларды қарсы алдық. Таңғы жаттығу жасалды. «Біз бақытты балдырған» концерттік бағдарлама қойылды.

  1. Әнұран айтылды.

Сәбира :Біз балдырған тең басқан

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз бейбіт күн

Ашық болсын кең аспан.

Баян: Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсең тілегіміз

«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам

Бірлік деп бірге соққан жүрегіміз.

Бекәлі: Мен Қазақпын қаныммен сүйегіммен

Сән салтанат салтымды сүйемін мен

Бақ орнаттым осынау кең далаға

Мұрагермін оғанда иемін мен

Ән «Домбыра»

Адина: Біз жас ұлан, Отан Ана өркені

Үміт артқан болашағы ертеңі

Туған елдің даңқын көкке өрлетіп

Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.

Азат: Жаса, жаңа Астанам

Өркен жая бастаған

Болашақтың есігін

Өз қолыңмен аш маған.

Жазира: Жазым келді жарқылдап

Қазым келді қаңқылдап

Гүлге қонды көбелек

Қос қанаты қалтылдап

Жаңбыр жуды жас талды

Гүл қауызын ашқанды

Кең жайлаудың төсінде

Қызық думан басталды.

Ән «Ана тілі» Жазира, Сәбира.

Ақтан: Қазақ жері сәніміз

Мәуесі мол бағымыз

Саясында жетілер

Балдай бала шағымыз.

Мәнсүр: Ара ара арамын

Айға ұшып барамын

Кесел істеген баланың

Құлағын кесіп аламын

Мадина: Болашаққа бастаған

Шарықтаған асқақ ән

Ел ордасы Отаным

Мақтанышым Астанам.

Ән «Балдырған»

Балалар кеш соңында түрлі мақал жұмбақ айтты. Мерекелік концертке Үміттің анасы қатысып, балаларға ризашылығын білдірді.

Жаңартылған күні: 05.08.2019 11:59
Құрылған күні: 14.02.2020 11:22

Текст