«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ  «Общеобразовательная школа № 3 города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп жанындағы жазғы алаң 22.07.- 26.07

«Есіл қалалық № 3 орта мектебі» КММ

22.07.- 26.07 аралығында жазғы мектеп жанындағы лагерде өткізілген жұмыстың есебі

Тәрбиешілер: А.Т.Иманбаева,  Г.А.Түгел

 

22 – 26  шілде аралығындағы өткізілген жұмыстар есебі.

Жазғы лагерге келген әрбір оқушының  уақытын  тиімді өткізу барысында бес кундік жоспар жасалды. Осы жоспар бойынша төмендегідей жұмыстар ұйымдастырылды. Балалардың уақытын қызықты өткізу, лагерге келу уақытын қадағалап, әр күнді есте қалардай өткізуге тырыстық.

          22.07.2019ж. Бірінші  күн

          Келген балаларды қарсы алып,қауіпсіздік ережесімен таныстырылды. Бойларын сергіті мақсатында таза ауада таңғы жаттығу жасалды. «Жайдары жаз!» сурет сайысы ұйымдастырылды.Оқушылармен сопрт залда спорттық ойындар өтті. Асханада тамақ ұйымдастырылды.

 

23.07.2019 ж. Екінші күн.

Балаларды қабылдап, жаттығу жасалды. Таза ауада ойындар ойналды. Сынып ішінде шахмат, тоғызқұмалақ ойынынан жарыс ұйымдастырылды. Караокамен ән айтты. КВН  жарысы ұйымдастырылды. Орталық алаңда таза ауада ойындар ойналды. балаларды тарату.

 

    24.07.2019 ж. Үшінші күн.

Оқушыларды қабылдау. Жаттығулар жасау. Жұмбақ шешу.

«Тапқырлар!» танымдық сайыс. Орталық стадиоға барып әр түрлі спорт жарысы өтті.  Мың бұралған ишілер жарысы өтті.Тамақ ұйымдастырылды.Балаларды тарату.

 

   25.07.2019 ж. Төрттінші күн.

Балалар қабылдау. Таңғы жаттығу.   « Көңілді мәре» (жарыс) өткізілді.  Аудандық кітапхана тынысымен танысты.Кітапханашы апайдың дайындаған сұрақтарына жауап беріп, сөзжұмбақтар шешті. Бірнеше Шебер сынып өткізілді.Балалар өте қызықты сәттерді өткізді.

 

    26.07.2019 ж. Бесінші күн.

       Балаларды қабылдау. Таңғы жаттығу. Бөлме ішінде ойындар.  Балалар таза ауаға саяхатқа шықты, табиғат аясында тамақ ішті. Балалар өте қызықты сәттерді өткізді.

 Лагердің жабылуына орай ән, тақпақ, би билеп концерттік бағдарлама болды. Балаларды мадақтаулармен марапатталды. Балалармен қоштасып, тарату.

         

 

Жаңартылған күні: 05.08.2019 11:41
Құрылған күні: 14.02.2020 11:29

Текст