Есіл қалалық № 3 орта мектебі
Мектеп жанынан ашылған лагерьдің әр күнін тиімді өткізуге тырыстық.
Мектеп жанындағы алаң сағат 9.00-13.00-ге дейін, аптасына бес күн жұмыс істеді.
Бекітілген жоспар бойынша балаларды тәрбиелеу және шынықтыру іс-шаралары жүргізілді.
Бірінші күні асфальттағы суреттер, «Менің Отаным Қазақстан» байқаулары, «Кел, танысайық» ойыны, спорттық эстафета өткізілді.
1. «Әуе футболы» доппен ойын
2. . Ұлттық спорттық ойындар
«Арқан тарту», «Асық ату»
3. «Секір, секір менің добым» доппен ойын
4. «Мықты,икемді,батыл» қызықты жарыс
«Ертегілер әлемінде», «Бір түймедақ, екі түймедақ» ертегілері бойынша сұрақ-жауап сайыстары,
Маусымның жабылуы спорт алаңында шығармашылық номерлердің ойын бағдарламасы түрінде өтті, 2 маусымда барлық шараларға белсенді қатысқан балалар мадақтау сыйлықтарын алды.
Нәтижесінде:
- Жазғы мектеп жанындағы «Балдырған» лагерінің жұмыс барысы жоспар бойынша өтіліп, өз деңгейіне жетті.
- Сурет, қолөнер, мақал-мәтелдер, жарысында балалардың шығармашылығы ұйымдастырылды.
- Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығы артты.