2018-жылдың 14 –наурыз күні Есіл қаласы №2 орта мектебінде «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыруына» орай « Қасиетті домбыра»
облыстық байқау болды оның мақсаты мектеп оқушылардың талантын аша отырып ән мен
күйге деген құштарлығын ояту байқауға
мықты 10 өнер ұжымдары қатысты байқауды бастау үшін ортаға оқушылар жеребе алуға
шақырды, сол жеребемен өздерінің өнерлерін
ортаға салды. Біздің мектеп бірінші болып көш бастады. 6-сынып оқушысы Бейсенова
Лейла Құрманғазының күйі "Адай"- ды орындап,қазылардың көңілінен шығып
1-орынға ие болды. Осы күйді Лейла жай ғана орындаған жоқ ол өзінің күйге
деген махабатын білдіре алды. Тағы 1-орынға ие болған 6-сынып оқушысы
Ермекбай Батырхан "Мереке" күйімен қазыларды таң қалдырды. Абай Құнанбайұлының
сөзімен айақтайын:
Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй.
Тәлімгер: Калем А.