5 қыркүйек күні елімізде Қазақстан халқының тілдері күні аталып өтіледі. Мерекенің бұл күнге белгіленуі кездейсоқ емес. Дәл осы күні қазақтың ағартушы – ғалымы Ахмет Байтұрсынов дүниеге келген. Осы айтулы датаны мерекелеу аясында, мектебімізде 4 – 15 қыркүйек күндері аралығында қашықтықтан «Мәңгілік елімнің – мәңгілік тілі» атты тілдер онкүндігі ұйымдастырылды. Онкүндік шеңберінде келесі іс – шаралар ұйымдастырылып, өткізілді: оқушылардың әр ұлттың тілінде жазған видеоқұттықтаулар шеруі, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі тіл туралы өлеңдерді көркемдеп оқу, «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ», «Ана тілім ардағым», «Бала тілі – бал» байқаулары, «Алты алаштың ақиық ақыны – Мағжан» тақырыбында эссе жазу, Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай «Сәкен Сейфуллин – табиғат жыршысы» тақырыбында әдеби – танымдық сағат, қазақ тілінің латын графикасына негізделген жаңа әліпбиінде диктант жазу. Өткізілген іс – шаралар бойынша барлық ақпараттар мектебіміздің Instagram әлеуметтік желісіндегі @kazakhmektebi.3парақшасында жарияланды.