Текст
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы жалғасуда. Жаңа оқу жылы қарсаңында мектепте 5 оқушыға оқуға қамдануға көмек көрсетілді. Оның ішінде, биыл мектеп табалдырығын аттаған үш оқушыға кеңсе тауарлары толтырылған сөмкелерді Есіл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері сыйға тартты. Ал екі оқушыға оқу құралдары мен сөмке Есіл аудандық білім беру бөлімінен берілді. Аз қамтылған, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мектепке дайындау мақсатында әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған акция жыл бойы жалғасады. Олай болса, мұқтаж отбасылардың балаларына қолдау көрсетіп, жақсылық жасауға асығайық!