Текст
Елімізде пандемияға байланысты 2020 – 2021 жаңа оқу жылының ерекше жағдайда өтіп жатқаны белгілі. 1 қыркүйек – білім күні жоғары сыныптардағы оқушыларға онлайн режимі арқылы қашықтан ұйымдастырылса, 1 мен 4 аралығындағы кезекші сыныптардың оқушылары үшін сыныптарда өткізілді. Кезекші сыныптарды санитарлық – эпидемологиялық талаптар қатаң сақталды. Сынып сағаттары кестеге сәйкес әр сыныпта әртүрлі уақытта өткізілді және олардың ұзақтығы 40 минуттан асқан жоқ. Білім күнін үйінде қарсы алған бастауыш және жоғары сынып оқушыларына сынып сағаттары ZOOM платформасы арқылы қашықтан өткізілді.