Текст
Есіл қаласы №3 орта мектебі
14 ақпан күні 2017 жылы Есіл ауданының прокурорының көмекшісі Ахметова Динара Қадыржанқызы 10-11 сынып оқушылар арасында «Жастар бізідң болашағымыз!» атты дөңгелек үстел өткізді.
Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау. Оқушыларға бала құқығы туралы түсінік берді. Оқушыларды 3 топқа бөліп сұрақтар қойды: 1.Сіздің құқықтарыңызды кімдер шектей алады? 2. Балада қандай құқықтар бар? Оқушылар сұрақтарға белсене жауап берді. Соңында өз ойларымен бөлісті.