Есіл қаласы №3 орта мектебі
1.03.2017 жылы Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу– әдістемелік кабинетімен
ұйымдаcтырылған «Балаларды бірігіп қорғаймыз» аймақтық оқыту семинар-тренинг өтті.
Мақсаты: Жасөспірімдердің жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы құқық бұзушылықтардың алдын-алу жөніндегі тиімді механизмдерін жасау.
Міндеті:
1. Жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы құқық бұзушылықтардың және медициналық, психологиялық, құқықтық көмек көрсету.
2. Ақпараттық – түсіндірмелі жұмыстар.
Қорытынды нәтижесі: Балалар мен ата-аналарға қатысты қабылданатын шешімдердің тиімділігін қамтамасыз ету.
Ұсыныстар әзірлеу.
Қатысушылар: педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, медицина қызметкерлері, полиция инспекторлары, жасөспірімдердің құқық бұзушылықтардың қауіпсіздігің қамтамасыз ету мәселесі бойынша аймақтық қоғам кеңесінің комиссия мүшелері.
Ақмола облысы білім басқармасының оқу – әдістемелік кабинетінің әдіскері Мурсалина Гульмира Қанапияқызының ««Балаларды бірігіп қорғаймыз» атты жол картасының жоспарын іске асыру туралы айтты. Ерте жүктілікті алдын-алу туралы «Арман» оқу – тәрбие жұмысының педагог – психологы Анисимова Галина Аркадьевна баяндама оқыды. «Жасөспірімдер арасындағы жыныстық қол сұғылмаушылықты алдын – алу» тақырыбында аудандық орталық ауруханасының гинекологы Даулыбаева Алия Калиевна баяндама оқыды. «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын-алу» жөнінде жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Аблаева Алена Усеиновна айтты. «Есіл ауданының кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі комиссия жұмысын талдау» Саматов Нұрлан Мәжитұлы – «Есіл ауданы білім бөлімі» ММ- нің басшысы баяндады. Есіл ауданының №2 орта мектебінің педагог – психологтар әдістеме бірлестігінің басшысы Щекина Наталья Владимировна семинардың қорытындысын шығарды.