Текст
2017 жылдың 21 қыркүйегінде Есіл ауданы әкімдігінің ақпараттық -насихат бөлімінің маманы Теміртас Ерқанат Ержұманұлы мектебіміздің 9 а сыныбында болып «Діни экстремизм - терроризм» тақырыбында лекция өткізді.Қоғамда деструктивті діни ағымдардың – азаматтардың құқықтарын
бұзатыны, тигізетін зияны жайлы кеңінен ақпарат беріліп, оқушыларға сұрақтар қойды. Қазіргі таңда радикалды фанатизмге негізделген жат діни ағымдардан сақтану, дәстүрлі емес діндердің қауіптілігіне тоқталып, дін саласында алып отырған мәселелерді шешуде жаңа тұжырымдама туралы мағлұмат берді.Оқушылар осы мәселелер бойынша өз пікірлерін білдірді.