Өткен күннен ағалар ерлігі
ұрпаққа өнеге. Сол кездегі ағалар ерлігі, қазіргі жас жеткіншекке, патриоттық
тәлім-тәрбиеге баулитын бірден бір сабақ. Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен
шығарылғанына 29 жыл толуына байланысты 15 ақпан 2018 жылы Есіл қаласының №3
орта мектебінде «Ауғанстан жүректегі жара» тақырыбында кездесу өтті.Шараның
мақсаты - Ауған соғысы жайлы тереңірек біліп, мәлімет алу. Ер жүрек ағалардың
ерліктерін болашақ жас ұрпаққа үлгі ету. Осы мақсатта Ауған соғысына қатысқан
ардагер ағалар қонаққа шақырылды. Ауған еліне борышын өтеп келген ардагер
ағамыз Баймагамбетов Қайсар Булатовичсол күндер қайта келмесін, енді елімізде
бейбітшілік болсын деп тілегін білдірді.Сондай-ақ оқушыларымызға Қазақстан
Республикасы Қорғаныс Министірлігі шақыру учаскесіне
тіркеу турылы куәліктері табыс етілді. Мектеп директоры Коккузов Серик
Боранбаевич Ауған соғысының ардагеріне Алғыс хат берді.
Мектеп оқушылары ән айтып, би биледі.