Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 31 жыл толып отыр. Бұл атаулы күн қарсанында біздің мектебімiзде ауған соғысы ардагерлері құрметіне «Есiмде ауған согысы» атты мерекелік кездесу өтті. Бұл кездесуге ауған соғысының ардагері Баймағамбетов Қайсар Болатұлы, ауған соғысы ардагерлерiнiң төрағасы Таноян Самвел Альбертұлы және жинақтау бөлімінің аға сержанты Ракишев Казбек Айтмағамбетұлы, әскери дайындық инспекторы, аға лейтенанты Сеитов Ануар Шалкарұлы және мектеп ұжымы мен мектеп оқушылары қатысты.
Атаулы мерекемен ардагерлерді мектеп директоры Р. М. Сейтыгалиева құттықтап, ерліктері ешқашан ұмытылмайтындығын, жас ұрпақ үлгі тұтатын азаматтар екендіктерін айтты, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тіледі. Бұл кездесу әрi қарай мерекелік концертпен өз жалғасын тапты.