«Қауіпсіз мектеп автобусы» айлығының есебі
Есіл қалалық №3 орта мектебі 15.01-15.02 аралығындағы республикалық «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы өткізілді. Акция барысында арнайы жоспар құрылып, мектепішілік іс-шаралар өткізілді. «Айлық кезінде 1-11 сыныптар арасында «Жолда жүру қауіпсізідігін сақтау» бойынша мектеп оқушыларына жадынама парақтары таратылып, тәрбие сабақтары, флешмоб және бастауыш сыныптар арасында сурет сайыстары өткізілді. Жолдың арғы бетінен тасымалданатын оқушылардың қауіпсіздігіне байланысты мектеп мұғалімдері үнемі ілесіп барып отырады. Осы акция барысында ашық тәрбие сағаты өткізілді. «Қызықты аялдама»тәрбие сағатын мұғалім, МАИ қызметкері рөлі сомдалып жүргізілді. Онда мұғалім оқущыларға жолда жүру ережелерімен таныстырды.«Қызықты аялдама» тақырыбына құрылған ашық сабақта оқушыларға жол ережесіне байланысты сұрақтар қойылды. Оқушылар белсенді түрде жауап берді.
Сабақ барысында «Қызыл телпек» көрінісі көрсетілді. Көріністе оқушыларға сақтандыру, ескерту белгілері, тыйым салу белгілері, міндеттеу белгілері, нұсқау белгілері сияқты жол белгілері мен бағдаршам таныстырылды. Қорытындылай келе, өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек екені баяндалды. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман-есен жүруге болатыны туралы түсіндірілді. Көше тәртібін сақтау – сенің міндетің, егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зияныңды тигізесің деген ой тұжырымдалды. Сондықтан, жолда сақ бол�