Текст
Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке.Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз. Мектебімізде жаңа жылдық шырша мерекесі бастауыштан бастап, орта, жоғары буындар арасында өткізілді. Мерекеміз қызықты әрі көңілді өтті. Биылғы жыл доңыз жылымен қош айтысып, жаңа тышқан жылын қарсы алдық. Қазақтар тышқан жылын береке, ырыс, татулық пен тыныштықтың жылы деп санаған. Халықтың бұл сенімі көп жағдайда дәл келген. Шынында да тышқан жылында қиыншылық, жаугершілік , аштық көп болмаған. Сондықтанда тышқан жылы әр отбасыға бақыт, береке әкелетіні айдан анық.
ЖАҢА ЖЫЛДАРЫҢЫЗБЕН!!!