Есіл қалалық №3 орта мектебінің «Отбасы күніне» арналған апталықтың есебі.
«Отбасы күнін» мерекелеу аясында мектебімізде бірталай іс-шаралар жоспарланып,өткізілді. Іс-шаралардың негізгі мақсаты –жасөспірімдер арасында отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағыттау, балалар мен жасөспірімдер арасында имандылықты , руханилықты нығайтуға, жауапкершілікті сезінуге негіздеу.
Апта бойы « Барлығы отбасынаң басталады» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
15 – 20 қыркүйек аралығында «Менің жанұям» тақырыбында стенд жасалып, онда оқушылардың отбасымен түскен суреттері ілінді. Ең жақсы түсірілген суреттер мадақталып, мақтау қағаздары берілді.
15 қыркүйек күні жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста мектеп психологы Сабыр А ата-аналармен бала құқығы жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиналыста көп балалы батыр ана Набира апайымыз қонақта болып өз тәжірбиесімен бөлісті.
«Бақытты отбасы» аудандық байқауы өтіп мектебіміздің атынаң Төлегендер отбасы қатысып жүлделі орынға ие болды.