«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ  «Общеобразовательная школа № 3 города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желіміз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әдістемелік семинар

16.05.2022

                                     Кәсіби  шеберліктің  әдістері

 

Білім берудің құрамдас бөлігінің бірі-әдістемелік жұмыс болып табылады. Әдістемелік жұмыс-мұғалімнің кәсіби, мәдени деңгейін көтеруге бағытталған  іс -шаралар. Мұғалімнің  өзін - өзі жетілдіріп дамыту арқылы, кәсіби шеберлігі артта түседі. Осы орайда  мұғалімдер, жыл сайын педагогикалық біліктілікті арттыру курстары арқылы өз білім-дағдыларын  жетілдіріп  отырады.  Ақмола облыстық  ПШО (педагогикалық шеберлік  орталығы )  аудандары аралап  жылма-жыл мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетіп келеді. Мамыр айының 13 күні, «Есіл ауданның  қалалық №2 ЖББОМ » базасында « Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту тәсілдері» атты семинар –тренинг өтті. Семинарда « Мектептің стратегиялық  даму жоспары» «Мұғалім  тәжірибедегі  зерттеу» тақырыптары қамтылды. Семинар-тренингті  педагогикалық орталық шеберлігінің директоры Нугербаев Толеген Какимович, әдіскері Мусина  Айгул Дәулетжанқызы жоғарғы деңгейде өткізіп, мұғалімдер өзіне қажетті ақпараттар алды. Оны тәжірибемен  ұштастырып, мұғалімдер  өз  ойларымен  бөлісті.  Қазіргі кезде  мұғалімдер  көкейінде  жүрген бірнеше сұрақтарға жауап ала отырып, осындай педагогикалық пайдасы мол, нәтижеге бағытталған тренинг болғаны қуантады.

       Есіл қалалық  №3 ЖББОМ ғылыми-әдістемелік орынбасары:

                    Қасжан Раушангүл Бейсенбекқызы

Просмотров: 665


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст