Соғылды соңғы қоңырау! Бүгін ерекше тебіреніспен толғанысқа толы күн, себебі 25мамыр 2019жылы Есіл қалалық №3орта метебінде дәстүр бойынша жас түлек үшін алтын ұя мектебімен қоштасып,балалық шақтан болашаққа қанат қағар сәті,уақытын аямай, өзгенің уақытын аялай білетін өз шәкірттерін білім нәрімен сусындатудан талмайтын ауялы ұстаздардың бір жылдық еңбектерінің жемісіне куә болатын күн. Қызығы мен қиыншылығы мол,әр жылы қайталанбас тарихқа толы, оқушылардың сыныптан сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығар кезі, білім ошағының мерекесі « Жолын болсын –жас түлек!» Салтанатты жиынына 1-11 сынып оқушылары қатысты. Әсем безендірілген мектеп алдында өткен салтанатты шараның ашылуы мемлекетіміздің асқақтаған Әнұрананын орындаумен бастау алды. «Оқу үздігі» атанған шәкіртеріміздің шеруі өтті.Аталмыш жиында дәстүрге айналған әрбір оқушының есінде мәңгі сақталып, жадында сақталып тұратын соңғы қоңырау соғу рәсімі салтанатты түрде орындалды. Мектебіміздің ұясынан ұшқалы отырған 41 жас түлек,оның 5 алтын белгі иегерлері. Жас түлектерімізге сәттілік тілейміз!