14 маусым күні біздің мектепте 11-сынып бітірушілерге аттестат тапсыру салтанаты өтті. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында "Тәуелсіздік ұландары" атты ұранмен ұйымдастырылған салтанатты шараға жас түлектер және олардың ата - аталары мен ұстаздары ғана қатысты. Биылғы оқу жылында мектепті белсенді, шығармашыл әрі талантты 19 түлек бітіріп отыр. Олардың ішінде 4 оқушы "Алтын белгі" иегері атанды. Олар: Жанахмет Рахат, Еркін Бектөре, Смағұл Асылхан, Мырзагалиева Наргиз. Салтанатты шарада түлектер ұстаздары мен ата - аналарына алғыстарын білдіріп, алтын ұя мектебіне деген қимастық сезімдерін әнмен жеткізді.
Осылайша "мектеп" атты кемел білім кемесі жас түлектерін үлкен өмірге шығарып салды. Білімді, дарынды, жалынды жас түлектерімізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!