"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 7-8 сынып оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» дебат ойыны өткізілді. Дебат ойынын өткізудегі мақсат:
білім алушылардың жалпы мәдени ой-өрісін кеңейту, білім алушылардың шешендік сөйлеу өнері дағдыларын және сендіру әдістерін қалыптастыру, зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, зерттеу, ұйымдастыру дағдыларын дамыту;
қазақстандық қоғамда орын алған өзекті мәселелерді талдау мен көпшілік алдында талқылау арқылы білім алушылардың позитивті, сыни ойлауын, жүйелі талдау дағдыларын, өз көзқарастарын, нақты мәселелерді шешу жолдары мен тетіктерін табу, дәлелдеме жасау шеберліктерін қалыптастыру, парламенттік мәдениет элементтерін дамыту;
оқушылардың демократиялық қоғамдағы азаматтық көзқарастары мен өмір сүру дағдыларын қалыптастыру, отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу, туған өлкенің, елдің мәселелерін талқылау мен шешудегі жауапкершілік, қатыстылық сезімін қалыптастыру;
Америкалық Парламенттік формат бойынша ұйымдастырылған дебат ойынына 4 команда қатысып, сөзге шешен ойыншыларды анықтады. Пікірсайыстың өту барысын қазылар алқасы қадағалап, бағасын берді. Сонымен, пікірсайыста 1-орынды 8 ә-сыныптың оқушыларынан құрылған «Болашақ» командасы иеленсп, 2-орынды 7 ә-сыныбының «Google» командасы жеңіп алды. Сондай-ақ, ойын барысында озық ойымен ерекшеленген екі үздік спикер анықталды. Аятхан Аяулы мен Амантаев Нұрали «Үздік спикер» аталымы бойынша марапатталды.