Тыйым салынған өнімдер мен тағамдар тізбесі.
|
№ исх: 21-1-15/03/479ПР(п.1.1) от: 30.01.2019 № вх: 339 от: 31.01.2019 |
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы » ШЖҚ РМК
Қазақстан Республикасында мектептегі медициналық қызметтерді ұйымдастыру жөніндегі инструктивтік нұсқаулық
(Қаулы)
Тыйым салынған өнімдер мен тағамдар тізбесі.
1) мыналарды:
Ұйыған сүт, сүзбе мен айранды;
Туралған ет қосылған құймақтарды;
Флотша макаронды;
зельцтерді, форшмактарды, сілікпелерді, паштеттерді;
кремі бар кондитерлік бұйымдарды;
тұтыну қаптамасындағы кондитерлік бұйымдар мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье және басқалары);
морстар, квастарды;
фритюрде қуырылған бұйымдарды;
шала пісірілген жұмыртқаны, қуырылған жұмыртқаны;
күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды, қаймақ пен майонез қосылған салаттарды;
окрошканы;
саңырауқұлақты;
өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде) тамақ өнімдерін;
тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды;
газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті ішімдіксіз сусындарды, ішімдіксіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (қапталған минералды және ауыз судан басқа);
фаст-фудтарды: гамбургерлер, ход-догтар, чипсілер, кептірілген нан, қытырлақ нандарды;
ащытұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша) дайындау және өткізу;
2) мыналарды:
Пастерленбеген сүтті, термиялық өңдеусіз сүзбені және қаймақты;
суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін;
ауылшаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін;
тіл, жүректі қоспағанда өнімді мал мен құстың қосымша ет өнімдерін;
механикалық түрде еті сылыныпалынған өнімді мал етін және құсетін;
құрамында коллагені бар құсетін;
сойылған өнімді мал мен құстың қайта мұздатылған өнімдерін;
генетикалық түрлендірілген шикі заттар және (немесе) генетикалық түрлендіру көздері бар шикізаттарды;
йодталмаған тұзды және құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты ұнды пайдалану.