«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ  «Общеобразовательная школа № 3 города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәсіптік бағдарлау жиналысы

Кәсіптік бағдарлау жиналысы

2021 жылдың 3 – маусымы күні Есіл қаласының №3 жалпы орта мектебінде, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Б.Назарованың төрағалық етуімен онлайн форматта 9–сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған  кәсіптік бағдарлау жиналысы өткізілді. Жиналыста негізгі орта мектепті аяқтап аттестат алғалы отырған оқушылардың алдағы оқу жылындағы өз мамандықтарына жасалатын алғашқы қадамдары туралы сөз болды. Мектеп қабырғасында 10, 11 – сыныпта оқуға қалатын оқушылардың таңдаған мамандықтары бойынша жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытқа бөлінетіндіктері ескертіліп, бағыт және тереңдетілген, стандартты деңгейдегі пәндерін таңдау үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Жаңартылған күні: 04.06.2021 16:49
Құрылған күні: 04.06.2021 17:08

Текст