«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ  «Общеобразовательная школа № 3 города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАР

2019 жылдың қыркүйек айының он екісінде «Есіл қалалық №3 орта мектебі» КММ 9-сынып оқушыларына «Мамандық таңдаудағы алғашқы қадамдар» атты тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатын директордың тәрбие істері жөніндегі орынбасары Темірхан Р.Н. және оқу-тәрбие істері жөніндегі орынбасары Назарова С.Б. жүргізді.

Оқушыларға ерте жастан мамандық таңдауға аса мән берудің маңыздылығы туралы түсіндіріліп, мамандықты таңдауда қателеспеудің жолдары көрсетілді. Әр түрлі ЖОО сайттарымен танысқан оқушылар өздерін мазалап жүрген сан алуан сұрақтарына жауап алды.

Сонымен қатар, 9-сыныптан және 11-сыныптан кейінгі оқуды жалғастырудың мүмкіндіктері мен айырмашылықтары туралы айтылып, алдағы емтихандарда және ҰБТ-да қажетті мамандыққа байланысты пән түрлерін таңдауға кеңес берілді.

     

Жаңартылған күні: 16.09.2019 12:21
Құрылған күні: 19.05.2020 00:27

Текст