«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ  «Общеобразовательная школа № 3 города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Есіл қалалық №3 орта мектебінің мектепішілік «Қамқоршылық кеңесі» және жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысының хаттамасы

17.04.2019

Есіл қалалық №3 орта мектебінің мектепішілік «Қамқоршылық кеңесі» және жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысының хаттамасы

Күні: 04.03.2019 жыл

Қатысқандар:                                                                                                                                          Ата-аналар                                                                                                                                      Сынып жетекшілері                                                                                                             Қамқоршылық кеңесі құрамы                                                                                                         Мектеп әкімшілігі                                                                                                                                 «Гласман» компаниясының өкілі

Күн тәртібінде:

  1. Жалпы мектепішілік формасының үлгілеріне өзгерістер енгізу туралы /ДТІЖО Борибаев А.К./
  2. Ақмола облысы бойынша «Гласман» компаниясының тауарларымен таныстыру / Гласман компаниясының өкілі /
  3. «Қамқоршылық кеңесінің» құрамына өзгерістер енгізу. /ДТІЖО Борибаев А.К/
  4. Ата-аналар комитетінің ұсыныстары мен шешімдері /Абдигапарова А.Ж/

Бірінші мәселе бойынша: Мектеп әкімшілігімен ата-аналар ұжымының 2013-2014 оқу жылында бекітілген мектеп формасы үлгісіне өзгерістер енгізу туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.К. Борибаевтың мәлімдемесі. Екінші мәселе бойынша: Гласман компаниясының өкілі өз сөзінде жалпы мектеп формасының қара көк болғаны және ер балаларға шалбар мен желет галстук, ал қыз балаларға юбка мен желет тапсырыс беруге болатынын айтты. 28бен 42 размер аралығында 10,500 (он мың бес жүз) теңге немесе 11,500(он бір мың бес жүз) теңге құрайтынын жеткізді. Егер ата-аналар қаражаты көтерсе сапалы формаға яғни  балаларға костюм немесе желеттерге тапсырыс беруге болатынын мәлімдеді.  Үшінші мәселе бойынша: мектеп қамқоршылар кеңесі төрайымы А.Усабекованың жеке өтініші бойынша, Қамқоршылар кеңесінің төрайымы міндетінен босатылуы жайында сөз қозғалды. Төртінші мәселе бойынша: Жалпы мектепішілік ата-аналар комитетінің өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.  Шешім:                                                                                                                                                    1. Мектептің ішкі және сыртқы тәртіп ережелеріне сай мектеп формасының түсі ер балалар мен қыз балаларға қара көк түсті болып қалуы міндеттелсін. Ата-аналардың өз еркімен балаларын мектеп формасымен киіндірсін. 2. Гласман компаниясының өкілдеріне ата-аналар өз еріктерімен  мектеп формасына таңдау жасап, сынып жетекшілері арқылы компания өкілдеріне тапсырыс берсін. 3. Усабекова А.З жеке өтініші қабылданып, жалпы ата-аналар комитетінің шешімімен Каримбаева З.Қамқоршылар кеңесінің төрайымы болып тағайындалсын. «Қамқоршылық кеңесінің» міндеттерімен қосымша таныстырылсын . 4. Ата-аналар өз қалауларымен  мектеп формасына тапсырыс берсін. Ата-аналарды мәжбүрлеуге тыйым салынсын.

Төрағасы:                       Бөрібаев А.Қ

Хатшы:                         Жүсіпбекова Г.Т.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 17.04.2019 12:20
Құрылған күні: 17.04.2019 12:20

Текст