№ 1 хаттама. «Есіл қалалық №3 орта мектебі» КММ Қамқоршылық кеңесінің отырысы
Күн тәртібі. 1.Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен танысу» 2.2018-2019 оқу жылына «Есіл қалалық №3 орта мектебі» КММ Қамқоршылық кеңесінің құрамын бекіту. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы мен хатшысын сайлау 3.2017-2018 оқу жылындағы «Есіл қалалық №3 орта мектебі» КММ Қамқоршылық кеңесінің қорытындысы және 2018-2019 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту. 1.Тыңдалды: Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары А. К. Борибаевты тыңдады. Ол қатысушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген Қамқоршылық Кеңес туралы ереженің жаңа редакциясымен таныстырды
Шешім: директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары А. К. Борибаевтың ақпараты назарға алынсын. 2.Тыңдалды: Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша Қамқоршылық кеңес төраайымы А. З. Усабекованы тыңдады. Ол Қамқоршылық кеңестің құрамын өзгертусіз бекітуді ұсынды. Шешім: Қамқоршылық кеңестің құрамы 11 адам болып бекітілсін. (тізім қоса беріледі) Қамқоршылық кеңесінің төрайымы болып Усабекова А. З. Сайлансын 3.Тыңдалды: Үшінші сұрақ бойынша қамқоршылық кеңесінің төрайымы А. З. Усабекова 2017-2018 оқу жылында Қамқоршылық кеңесінің жұмысы туралы есеп берді. Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарымен таныстырды. Шешім: Қамқоршылық кеңесінің жұмысын қанағаттанарлық деп тану және 2018-2019 оқу жылына арналған Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын бекіту.
Қамқоршылар кеңесінің төрайымы: А.З. Усабекова